Айконаның, жақынырақ танысайық деп, бастаған кезексөзі, аяқсыз қалмасын деп...
Маған ұнайды:
- адам болып туылғаным, әлде-кімдер үшін, "қымбат жан" екенім,
- СОЛ АДАМ
- әлбетте, жүрекке жара салған, сол адам жайлы қиялға берілу
- таңертең, ашқарында, шылым түтінін бұрқылдатып отырып, күнге жоспар құрып, басымдағы прөблемәләрға ойша бір шолу жасау
- қуырылған кәртоппен кола ішіп отырып, Кореяның детектив фильмдерін көру
- жұмыстан кейін, үйге жалғыз қайту
- бұлтты күндер, нөсерлі жауын
- ащы салаттар
-Алмас Кішкенбаев пен Мақпал Исабекова, кешю дағы Жанар, массагеттегі блогтар
- еденді екі қайта шылқытып сүрту
- кеш ұйықтау
- көршілер жайында, көршіден өсек тыңдау
- биіктік
- таксимен жүру
- мамандығым
- базар жақтағы өзбек асханаларынан палау жеген
- мамкаға киім таңдау
- дәрі ішкен
- демалыс күні телефонымды сөндіріп тастау
- бастықтың иіссуы
- Маржан Сұлтанбаеваның твиттерін оқу
- шөлдеп тұрып, су ішу
- тест жаттау. Тағысын тағы.
Маған ұнамайды:
- шашын ұлдар сияқты жасатып, құлағына сырға тағатын қыздар, шашы желкесіне түскен ұлдар
- аласа жастық
- бабник болып көріну
- мк.уорттағы кестелер
- самсатып үш телефон ұстайтындар
- үйінде Кешкі асқа не жегенін айтып отыратын қыздар
- шілде айы
- жауапсыз сезімдер
- "крышан кім?" деген сұрақ
- қазақтың шаштараз тәтелері
- ыстық шәй
- үш адам болып фильм көру
- орыс сыныбында оқыған қазақтар
- жумыстағы жас кезін айта беретін тәте
- шұлық жуу
- күн сайын түскі мезгілде буфетке жұмсайтын жетекшім
- кешкі тоғыздар шамасында, сеттің қууы
- жаңа шалбар киген
- әлеуметтік парақшасында достар саны он мыңнан асып жығылатын ҚЫЗДАР
- пунктуация
- атыс-шабыс ойындар
- дүкенге, нанға бару
- мақтаншақ адамдар
- уақытқа жүгіру
- жұмыстағы қаламсап сұрайтындар
- қызыл түс
- НҰРЛАН АЛБАН
- шұлықтың кеппей қалуы
- шарик шығарып сағыз шайнау.Тағысын тағы.
Айзереге әлі талай кезек келер.
Мен кезекті құрметпен: Кәусар Мұң ға берем.