Кезексөз жалғасы: «Есімде қалған 8 наурыз»
блог
Жалпы мереке деген қашанда жақсы ғой. Адамға ерекше серпіліс сыйлайды. Бірақ, ойланып көріңіздер біздің өмір сүрген күніміздің әр күні де мереке. Мұнымен мен кезексөзден қашып кетпеймін. Тек жай ой салып жатқан түрім.
8 наурыз мерекесі мен үшін айтарлықтай қызық емес. Тек көшедегі құлпырған қыздар мен анам үшін қуанамын. Соның өзі – бақыт. Есімде қалған екі мейрам бар.
Біріншісі, 11 сыныпта оқып жүрген тұсымда болған. Мен ҰБТ-ға дайындық мақсатында Шым қалада қыздармен квартирада жаттым. Содан сыныптан алшақ болғасын ешқандай сыйлық алмадық. Күн тамаша, тек көңіл-күйіміз жоқ. Үшеуміз үш бұрышта отырмыз. Кенет телефон шылдырлады. Ағам вокзалга баршы, сонда сені біреу тосып тұр деді. Жаныма құрбыларымды ертіп дереу жеттік. Барсақ қолына торт пен сыйлық ұстаған қыз тұр. Сөйтсек, әлгі қыздан ағам бізге құттықтау сыйлығын беріп жіберген екен. Қуанып жүзіміз жадырап кетті. Үйге жетіп отырыс жасап бірімізді біріміз құттықтап әдемі болып отыра кеттік. Бір қызығы дәл сол сыйлықты мен қазір киіп отырмын. Сәйкестік болар.
Бұл оқиғадан түйгенім: аға деген әрқашан қарындасын ойлап жүретін тірек екен. Қыздардың сенің ағаң қандай жақсы, сені қайда болса да ойлап жүреді деген сөзі санамда мәңгі сақталды. Олардың ағасы жоқ болатын. Бірі – үйдің үлкені. Бірінде – әпкесі бар. Мен қандай бақытты едім, ағасы бар!!!
Екіншісі, 2 курс оқып жүргенде болған. Күн салқындау, көңіл-күй де айтарлықтай мәз емес. 7 наурыз күні тойлап қойып, 8 үндеми отырмыз. Тағы да кенет соғылған телефон. Далаға шықшы дейді, досым. Шықсам ұл достарымның барлығы тұр. Бірінің қолында «голландские розы», бірінің қолында букет гүл, тағы бірінің қолында букет гүл, келесісінде сыйлық. Мені қуантқаны сыйлық емес. Ауылдан арнайы құттықтап келген екі сыныптас жақын достарымның жарқын жүздері еді. Балаша шаттандым. Мені құттықтауды ұмытпапты.
Бұл оқиғадан түйгенім: балалық күндердегі достардың орны бәрібір бөлек. Олар біздің мәңгі сырласымыз. Олардың бойында арамдық, көреалмаушылық деген қасиеттер мүлде болмайды. Өйткені, мен ондайды байқамадым. Олар мен үшін әрдайым қуанып жүреді. Мен қандай бақыттымын, балалық достары бар!!!
Келе жатқан мейрам құтты болсын, достар!!! Жүректеріңізден үміт гүлі өшпесін!!! Мені сіздерді жақсы көрем!!!
Таяқшаны 25 ақпан күні алғашқы блогын жазған Ажар Сағатпековаға табыстаймын. Негізі Айконаға да бергім кеп тұр. Қайсы бірінші көрсе, кезек сода болсыншы.