Кезексөз: Ерекше қызығушылығым

Кезексөз: Ерекше қызығушылығым
жеке
блог

Біраз уақыттан бері үзіліп, жалғанып келе жатқан кезексөзді  Марал Демеу сіңлім маған ұсыныпты.  Рахмет, Марал қыз! Мен де кешіктіріп жалғап отырғаныма айып етпессіздер.

Өзгелердің қызығушылықтарының ішінде қызығушылығыңды тудыратындары да бар екен. Менің айтарлықтар ерекше қызығушылықтарым жоқ. Дегенмен, "сандығымды" ақтарып, біраз әуес істерімді төменде суреттерімен келтіргелі отырмын. Олай болса, аса ерекше емес, бәрінде кездесетін қызығушылықтарым:

Кітаптар.

"Кітапханасы жоқ үйден не ұрлауға болады" дегенді оқығаным бар еді. Қандай адам болмасын, өзінің кішкентай болса да кітапханасы болуы керек, бар деп те ойлаймын. Алматыға келгелі жатақхана, пәтерге көшіп жүріп әзірге бар жинағаным осылар ғана. Кейбірі ауылдағы туған үйімдегі кітап сөресінен, кейбірі сыйлық, сатып алғаным, іздеп алғаным дегендей... Ин ша Алла, бір жерге тұрақтаған сияқтымын. Енді кішкентай кітаптапханам да пайда болар... (кейбіреуі қолда, оқылуда)

кітап

кітаптар

кітапп

кітаптара

Ақшалар.

Эмерсон: "Ақша қымбат тұрады." Дегенмен, уақыт "егеп", құны кетіп, тек ескіден қалған естеліктей болып қалатын ақшалар да бар. Қызығушылықтарымның бірі - ақша жинау. Қолданыстан шыққаны бар, әлі де қолданыста жүргені бар ақша жинауға қызығатыным бар. Тиындарын суретке түсіруді ұмытыппын. Іздеп, елден сұрап жинамаймын. Тек қолыма түскенін осылай жинап қоямын. Әзірге бары осылар...

ақшаа

Қиындылар жинау.

"Жақсының хаты өлмейді" дегендей, қандай да бір газет, журналдардан жақсылардың жақсы сөздерін ұнатсам, жазып аламын, не қиып алып, жасыл дәптеріме жабыстырып қоямын. Бүгінде жасыл дәптердің өзі құны кетпес сөздермен құнды кітаптай болып тұр... Есте сақтауым нашар болғандықтан, бұл нағыз таптырмас "жинақ".))

қиынды

қиындыы

аа

ққиынды

Сурет салу.

"Жігітке жеті өнер де аз"... Қыздарға да... Сурет салғанды ұнатамын. Қағаз бетіне ізі қалатын кез келген құралдың қолым жеткенімен сурет салып көрдім. Тіпті мектеп қабырғасында сурет салудан  аудандық жарысқа барып, үшініш орын алғаным есімде. Кейде әлдебір суреттен көшіріп, не жоқ жерден қиялдап бірнәрселер салатыным бар. Мультфильм кейіпкерлерін көріп, бастырып алдың деген біреуге оларды кішкентай наклейкадан, не бояйтын дәптерден көшіргенімді әрең дәлелдегенім бар. Менікі үлкен, олар кішкентай ғой деп... Оқушы, студент кезден естеліктер... Қазір де қағаз бетін шимайлап тұрамын  аракідік...суреттсуреттесуреттересуертетеесусуу

ссс

Асық жинау.

"Асық ойнаған азар". Азбадым бірақ. Есім білгелі асық ойнайтынмын. Көршінің өзіммен жасты баласымен. Үйдегілердің бәрі де мектепке кеткенде мектеп жасына әлі толмаған мені асық толы кішкентай қоңыр сөмкеммен көршінің үйіне тастап кететін. Кейінгі сыныптасым Дарханмен асық ойнаудан жалықпайтынмын. Содан болар қай жерде болмасын асықты жіліктің асығын көріп қалсам, үлгерсем, алып алатынмын. Мұның алдын біраз асығымды ініме бергенмін. Әзірге жинағаным көлемдері әртүрлі осы асықтар ғана...))асық

Әшекейлер.

"Жылтырағанның бәрі алтын емес". Иә, бірақ жылтырға құмар қыздың бәрі. Олай емес деген қыздың өзінде әлдебір әшекей бұйымы болады. Менің де әшекей жинауға қызығушылығым бар аздап. Шыны керек, осылардың ішінде бірде бір рет тағылмай, сатып алынған күйде тұрғандары да бар. Қобдишамды "қопсытып" тұрғандар әзірге осылар... 

әшекей

Сағаттарға деген қызығушылығым басқаша. Көп алып қояйын десем, оларды тағып, тоздыруға да ғұмыр керек деп, әзірге бары осы төртеуі...

сағат

Гүл өсіру.

"Гүлдей нәзік" деген теңеу маған келе қоймас, бірақ үй, аула гүлдерін өсіргенді ұнаматын. Пәтерден пәтерге көшкен сайын өсірген гүлдерімді таратып тастайтынмын. Бүгінде гүлдердің тағы бір тобын өсіруді қайта қолға алдым. Қазіргі гүлдерім тым кішкентай, көз тиер)) Ал төменде былтыр ғана  сенімді қолдарға тапсырып берген гүлдерім... 

гулг

ггг

гн

гнг

"Шаштараздық"

"Бас аман болса, шаш шығады"", "шаш құлақ емес, өседі"... Мектепте жүргенде шаш қиюға деген әуестігімнен басталды. Ол кезде әкемнің ұстарасы мен тырнақ алуға арналған кішкентай қайшымен қиятынмын. Ал шаш үлгілерін қазіргідей ғаламтор жоқ болғандықтан, өз қиялымызға сай жасай беруші едік. "Ходящая пахырмахырша" дейтін мені. Себебі, студент кезде қара жәшігімді көтеріп алып, құрбыларым, туыстарымның үйіне барып, шаш қиып беретінмін. Бір жағынан қыдырып, қонақ болып дегендей... Менің қолымнан шыққан шаш үлгілерінің бірнешеуі...

шаа

шаш

шш

шаша

шашаа

шашашаш

Аспаздық.

"Ауыз ішерде..." Тек дайын асқа тік қасық болып өстім. Ас бөлмесіне кішкентайымнан аяқ бастым дей алмаймын. Дегенмен, бертін келе ол бөлмемен де таныстық... Қолдан келеді екен...

печенье

кекс

қытырлақ

мампар

шырша

Тоқыма тоқу.

"Ат құлағында ойнайды" деп жігіттерге айтса, қыздарға "ұршық құлағында ойнар" дер... Әрине, ұршық құлағында ойнамаймын. Тоқыманың көп түрін де білмеймін. Бірақ тоқыма тоқудың нағыз қызып тұрған кезеңі дәл қазіргі уақыт болып тұр. Өзі әр нәрсенің уақыты болады, шамасы.  Менің дәл сол тоқымамен "ауырып" жүрген кезім ғой деймін. Студент кезде моншақ араластырып білезік, басқа тағатын бірнәрселер тоқушы едім, қазір қалды олар... Қолымнан шыққандары осылар әзірге, қалғанының суреттері жоқ...

тоқыматоқымаатоқыследикшәлішаль

Суретке түсіру. 

"Қылқаламсыз суретші" болу арманым ғой. Суретке түсіргенді қатты жақсы көремін. Көбінесе, табиғат пен табиғи құбылыстарды. Қаншалықты сапалы, сәтті шығатынын білмеймін, бірақ сәтіне орай  құрылғымның шүріппесін басып қалуға тырысамын. Фотоаппаратым әркез жанымда жүреді. Кезінде пленка салынатын фотоаппарат сыйлап еді ағам, оған да қоймай түсіретінмін. Кейіннен заманауи кішігірім фотоаппарат алдым. Енді кәсіби бір фотоаппаратым болса ғой деген тілегім де жоқ емес...

Төменде кешегі күнгі Алматының таңғы сегізі. "Қаладағы дала"... кім қуып шығар екен деп қорқа-қорқа газонды аралаған кезім еді...

тюльпантюльгүлгүллллааагулл

Әзірге бары осы. Атқа мініп, жарысу, таңқурай теру, ойымды мазалаған бірнәрселерді түртіп жазу, жарамсыз заттардан бірнәрсе жасау, ұйықтау, тауға шығу, волейбол ойнау... тағысын тағы толып жатыр қызығушылық деген дүниелер... Адам болып жаратылған кез келген пенденің әрнәрсеге деген қызығушылығы бола береді. Бүгін бірнәрсе қызық, ертең көңіл қалады одан, керісінше, басқа нәрсеге қызығушылығың артады дегендей. Сондықтан нақты мына нәрсе менің ерекше қызығушылығым деп ешбірін де айтпас едім. Жәй ғана қолымнан келетіні бар, келмейтінін үйренген соң, ол да әдеттегілердің қатарына қосылып, басқа нәрсе қызықтыра бастайды... Қиялың қиырда болса, әр нәрсені байқап көруге қорықпау керек және ерінбеу керек... Күн өткен сайын қартайып жатқанымызды ескерсек, онда уақытымыз тіпті де аз қалды...
Блогым жалықтырса, айып етпессіздер.))
 
Кезексөзді кез келгеніңіз жалғай беріңіздер. Себебі, ӘР АДАМ- БІР ӘЛЕМ. Ал әр түрлі әлеммен танысуға массагеттіктер уақыт табар...