Кезексөз: Ерекше қызығушылығым

Кезексөз: Ерекше қызығушылығым
жеке
блог

   Маган алғашқы рет блог жазуыма себепші болған, кезексөзді маған ұстатқан әріптесім Қарлығаға рақмет! Ең сүйікті қызығушылықтарымның бірі шаш өру. Менің үш сіңілім бар, сабаққа баратын кезде анама көмектесіп, өріп бастадым. Одан кейін жоғарғы оқу орнына түскенде, группалас құрбыларым, сабаққа ерте келіп, шаштарын өрдіртіп алатын. Жасаған ісің біреулерге ұнаса, сол істі тереңірек үйренуге ынтаң ашылады екен. Интернеттен әртүрлі видео-сабақтарды қарайтын болдым. Енді осы қызығушылығымды кәсіби түрде оқып алу - алдыма қойған мақсаттарымның бірі. 

   Келесі қызығушылығым, қыздардың көпшілігіне тән деп ойлаймын, ол әшекей-бұйымдар тағу. Оларды сатып алудың өзі маған бір үлкен іс. Оларды аларда асықпай жүріп, ойланып алғанды жақсы көремін. Және біреуге сыйлық алу керек болса, әшекей таңдағанды ұнатамын. Соның ішінде мойынға тағатын әшекейлерді жөн көремін. 

   Мен мектеп кезімнен жаратылыстану пәндерін, есеп шығаруды ұнатамын. Құжаттармен жұмыс жасағым келеді деп армандайтынмын, қазір сол арманым орындалды. Шаршаған кезде, бірнәрсені уайымдап, ойлай берсем, есеп шығарамын). Себебі, есеп шығарсам, есептен басқа ештеңе ойламай, зейінім тек сол есепте болады.

  Және де торт пісіргенді ұнатамын, бірақ әзірге үйрену үстіндемін. Соның ішінде, мастика деп аталатын крем арқылы торт пісіру. Мастиканың көмегімен өзіннің идеяларыңды пайдаланып, әртүрлі бейне жасауға болады. Суретте анамның пісірген торттары көрсетілген. Алда осы іс қызығушылықтарымның қатарында болып, өзім пісірген торттардың суреттерін саламын деп үміттенемін. 

   Келесі кезексөз таяқшасын, әрдайым біздің көңілімізді көтеріп жүретін, әріптесім, Жақсымбет Бауыржанға беремін. Назарларыңызға рақмет!