...ол кезде үшінші сынып оқитынмын. Мұғалімнің қызымен басым шығыспай,басқа сыныпқа ауыстырылғаным жайында бұрын айтқан едім ғой. Жаңа сыныпқа келген соң бәрі бір түрлі қызық болған еді.Қыздар аз,ұлдар көп болатын. Бір ұл болатын басы үлкен-оқымысты,спортқа онша икемі жоқ, бойы кішкентайлау,көп сөйлемейтін,қыздармен онша (тіпті,мүлдем) араласпайтын. Біздің үйден екі көше арыда тұратын. Мен оған тиіскенді жаман жақсы көретін едім,жынына тиген сайын "Әки,Әки" дейтін де қоятын.8 наурыз туылған күні еді. Қыздарды жетісіне мектепте құттықтап болғасын үйді-үйімізге тарап кететінбіз.Кішкентаймыз ғой,туылған күн,жиналу,анау-мынауды білмейміз,тем более мен жаңадан келгенмін. Бірақ,біздің үйде туылған күн деген тойдан кем еместін.Бәрінде солай шығар деп ойладым да,үйдегілерге ана балаға арнатып әдейі қып-қызыл ойыншық машина алдыртып алдым.Сегізінші наурыз.Далада кәдімгідей көктем болатын,суреттердегідей емес.Жігітсің ғой,менімен бірге жүр деп жаныма інімді ертіп алғам.Шырттай киініп,қолыма сыйлықты алып,соның үйіне қарай беттедім.Туылған күнге бара жатырмын ғой,"бәрі вау болады" дегеннен басқа мида арам ой жоқ.Бардым.Итімен алысып,есігінің алдыда жүз сағат айғайлап тұрдық.Қарындасы шықты да сразу әжесін шақырды.Әжесіне балаңызды құттықтауға келідім деген ем," ойбай,үйге кір де кір" деп, қоймай үйіне кіргізіп алды. Дастархан жасап,сеткада ілініп тұрған құрттарын інім екеумізге бөліп беріп отырып,қарындасына "ағаңды шақыр"-деді. Күтіп отырмын,күтіп отырмын,әлгі жарықтық әлі жоқ. Қазір келеді деп қояды,жоқ! Бізді далада тапшанға отырғызған ғой. Біреу тапшан астынан зып ете қалды. Жасыл мәсквичтері болатын. Соның артына тығылып кетті. Орнымнан тұрып,машинасына қарай барып едім,алды артына қарамай қааашты. Мен оны жемеймін ғой,неге қашып жүргені тек өзіне аян. Мен де қалыспай артынан бара бердім. Огородындағы талдардың арасына жасырынды да жоқ болып кетті. "Ішімнен мынау жынды ма?" дедім де,сыйлықты әжесіне беріп кеттім. Үйге қайтып бара жатқанда көріп қалдым, қорасында тау болып үйілген жоңышқаның үстіне жатып алыпты. Ертесіне мектепке барғанда бар өшімді алып алдым ғой.Мен оны адам сияқты құттықтайын деп барсам,ол шырағым ұялып,қашып жүрді. Содан мен қалаға кеткенше мүлдем сөйлескен емеспіз. Құдайдың қара суын қызғанатын біртүрлі емес,мың түрлі бірнәрсесі бар адам еді.
Қалаға оқуға кеткеннен тура бір жыл өткен соң батылдана түсіп, "ұялшақ шырағым" жігіт болып әңгіме айтып отыр. 6 жыл оқып,мүлдем-мүүүлдем сөйлеспеген адамнан,тем более ана баладан мұны күтпеген едім.Сол жылы ауылға бардым. Сыныптастарымның үйін аралап жүргенде соны кездестіріп қалдым. Жанымдағылар бір ауыздан келісіп алғандай,зу етіп жоқ боп кетті. Екеуміз-ақ көшеде келе жатырмыз. Бойы өскен, басының үлкендігіне қарап "қазан бас" дейтінбіз, со кезде кішіріейген сияқты боп көрініп кетті ма,ой білмим,әйтеуір кләсәпщик болып кетіпті. Ауылдағы түнді білесіздер ғой,ерекше композиция болып тұрады. Көше тас қараңғы,шиқ-шиқ деген шегірткенің, сылдыр-сылдыр деп судың, титу-титу деп ысқырып бір-бірін іздеген балалардың, өткен кеткенге арсылдап,соңынан қуатын иттердің, ызынаған масаның, уылдаған шөберілердің (біз жақта мақта егетін,соның ішінде шөберілер өріп жүретін), сосын,екеуміздің шиқылдатып сүйреп келе жатқан велигіміз бен өзіміздің сытыр-сытыр еткен аяқ алысымыз ғана естіледі.Үнсіздік,әйтеуір бір-бірімізге қарамай,тек алға қарай жүріп келеміз,жүріп келеміз... Кенет... Кенет,Мұстафа деген ағайдың иті тура алдымыздан шығып,арсылдап қуа жөнелді. Ол велигіне мініп басқа жаққа,мен великпен басқа жаққа кеттім. Содан кейін әлі көрмедім. Бірақ,анда-санда звондап қояды. Мектепте менен қатты ұялатынын, әсіресе, 8 наурыздағы "өнері" үшін қатты қынжылатындығын айтып, "ақымақ екенімді мойындаймын" деп қояды.
Есімде ерекше қалған 8 наурызым осы екен. Ол кездегі Есіл еркесі Есілдің не екенін білмейтін сегізде,джентельмен деп ертіп барған інім бесте еді. Енді тура он жылдан соң туылған күнімен құттықтайын деп отырмын. Ал, туылған күн иесі,туылған күнің құтты болсын!
Осы сәтті пайдалана отырып, Массагеттік аруларды,Қазақстандық аруларды мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ қыздары қашан да бақытқа лайық,бақытты болайық!