Мектеп бітіріп, ҰБТ тапсырып, бір жылап, бір күліп әйтеуір кеттік қой. Өзім бастан ҚазҰУ-дің журналистика факультетіне түсем деп жүруші едім. Бірақ анам мен әкем Халықаралық Ақпараттық Технологияр Университетіндегі "Электронды журналистика" мамандығын таңда деді. Ойланып жүріп, ақыры ХАТУ-ға тапсыратын болдым.
1 шілде күні экзамен. Шығарма жазуым керек. Шығарма мына тақырыптардың ішінен келеді деп, 16 тақырып берді. Мен ойланып жүріп, документті екі күн қалғанда тапсырғанмын ғой)))Содан тақырыптарға қарасам, енді мектеп баласы жазатын тақырыптар емес. Мысалы: "Интернеттегі телевидение", "PR және журналистика", "Мерзімді басылымдардың болашағы бар ма?" деген сияқты адам шошитын тақырыптар, опшым.
Дайындалуға бір күнім ғана бар. Сосын өзіме оңайырақ тақырыпты алып дайындалдым. "Еліміздің экологиясын жақсартуда журналистің рөлі" және "Қазақ журналистикасының болашағы" деген екі тақырыпқа ғана дайындалып үлгердім.
Экзаменге бардым. "Қазір басқа тақырыптар келіп қалса не істеймін?" деген ой жеп барады. 15 тақырыпты 5 конвертке үш-үштен бөліп салыпты. Басталатын кезде бір қызды тұрғызып, бес конверттің ішінен біреуін таңдатты. Конвертті алып, ашқанша неше түрлі ойлар келді-ау басыма...Ашты....Тақырыптарды оқи бастады....
....Ох, шіркін-ай. Адам өмірінде сипаттап айтуға тілің жетпейтін неше алуан бақытты минуттар бола береді-ау. Соның бірін мен дәл осы сәтте бастан кештім...©Менің атым - Қожа
Конверттегі үш тақырыптың екеуі менің дайындалған тақырыптарым еді, сенесіз бе?
Сонымен қуанышымда шек жоқ, "Еліміздің экологиясын жақсартуда журналистің рөлі" деген тақырыпқа шығарма жазып шықтым))))
Нәтижесі (ауызша емтиханды қосқанда): 50-ден 49 балл алдым! Енді тамыздың ондарына таман грантқа түстім бе, жоқ па сол шешіледі.
Менің таңғалатыным, өзім 16 тақырыптан екеуіне ғана дайындалдым ғой, екеуі де келді! Кездейсоқтық па?