Кездесу...кездесу... #3

Кездесу...кездесу... #3
жеке
блог

«Жарайды сүйісіп не керек, жай ғана сырласайыншы» деп кездесуге беттеген Жасынға Арай еш қарсылық таныта қоймады. Ымырт түсе кездесуге де барды. Онда да ашып сыр айта алмай, «сүйемін» деген сөзін ішіне бүгіп, үйіне қайта оралды. Бүгін 3 қаңтар ғой, мен 17не Алматыға қайтамын, оған дейін бір кездесіп, ерінінің бал дәмін бір сезер ме еді деген нәпсілік ойын, сырласайыншы деген махаббатының кәусар ойы жеңіп, қара түнге ақтарар сырын, ішіне бүгіп тағыда ойға шомып отыр. Жасынның жасары белгілі ғой, тағы да бір өлең туары хақ.Жасын бүгінгі түнін тағы ұйқысыз өткізбек пе?

...Неге ғана тынышым кетеді осы? Мен неге оны ұнатуым керек. Иә, өткен өтті, ұмытқаным жөн емес пе? Қайдам, ұмытуға жүрек көне ме, егер мен оны ұмытам деп санамнан сызып тастай салсам жүрек мені кешіре ме?Енді қайтіп ғашық болмастай бұйығы болып қалмай ма? Жоқ, олай болмайды. Кездесуім керек, сыр айтуым керек, қалада өзге қызға қарамағанымды, әркез ойымда жүргенін айтуым керек. «Сүйемін» деп бір рет болса да көздерінен көзімді алмай ақтарылуым керек. Жоқ, бірақ не керегі. Арайға менің сөздерім маңызды ма осы?Мейлі, мен басқаға қарамайын, оны ойлайын, Арайға оның не маңызы бар. Жалпы, ол мені сүйе ме? Сүйе ме деймін-ау, сүймесе ол менің ескі де болса махаббатым аталар ма еді. Тоқта, мен оны сүйем бе осы. Иә, рас бұрын сүйдім, бірге жүрдім. Талай уақыт бірге болдық. Ал қазір ше? Қазір сағыныш бар. Сонда сағыныш бар, сезім жоқ па?Олай болуы мүмкін емес, сағыныштың өзі махаббаттың бір бөлшегі емес пе?Ех, қойшы, соны,не бас қатыра берем? Қысқасы кездесу керек. Кездескенде не демекпін?УФФ, әйтеуір бітпейтін, сұрақтар. Арпалыс, күйініш, ішім қазандай қайнап барады-ау. Жоқ, мен Арайды сүйдім, ол да мені сүйді. Біз бауыр басып қалдық, сезімнен қалдық болып естеліктер мен сағыныш қалды. Сол сағыныш қой біздерді кездесуге асықтарып тұрған. Сезім болмаса сағынар ма еді ол мені. Ай, білмеймін.Кездескенде сұрайыншы, ол мені сағынып па өзі?

Арпалысқа түсіп, ауыр ойға салынған Жасын талықсып барып ұйықтап кетті. Қолында шимайланған бір жапырақ қағаз. Ортасында Арай деген үлкен жазу, жазудың айналасын да өлең шумақтары. Таңертең апасы көріп, мынау тентек Арайынан ажырай алмай жүр екен ғой әлі деп ұйқысынан оятқан болатын. Түні бойы арпалысып жеңе алмаған ойын, күндіз жеңіп, түйінін тапты-ау әйтеуір. Ойдың түйіні – кездесу.