КЕЗДЕСУ

КЕЗДЕСУ
жеке
блог

Тәәәк, неден бастасам екен?! Бәріне түсінікті кітаби тілде жазаймба, әлде Еркебұлан Қайраханның стилінде жазаймба? Мана грамматикалық қатесіз, сауатты жазбалар болғанын қалаймыз дед дә? И бірақ бұл бір соондай маңызды зат емесқо. Со стильде жаза берейнші, стиль болғанда кәмгі туғалы өзіміздің сөйлеп келятқан тілімізғо, Батыстың диалектілерімен жазу да. Түсінбеген сөздерді сұрап аларсыңдар өздерің. Сосын бұл грамматикалық қатемес, кәмгі өзім айтып беріватқан сияқты шынайы жетуі үшін жазылған зат деп түсініңдер. Үнемі осылай жаза бермимғо енді. Кешеден бері шулаватырғо Массагет нүкте кэйзетпен кездесу өтет Журфакта деп. Соған барып келдім. Кеше сабақтан келіп, сағат бестерде ұйқтап қалып едім, бір сағаттай тынығып алайн деп. Түнгі он екіде біреудің туған күні деп шырылдаған заметкаға ояндым. Қасқаа, дымм білми ұйқтап қалыппынғо. Эсэмэс жібердім да, құрсынш енді таңертең біратала тұрарм деп, будильникті тоғызға қойып, жатып қалдым. Ееенді ұйқтайндеватсам мама соғып тұр, ұйқтаватырм мен десем, «И не болд, ерте жатып қалыпсыңғо, бір жерің ауырып қалған жоқ па» деп жаны шығыватыр. Болмаса сағат уж он екі жарым баа, бір маа сондай болып қалд. «И жо, ештеңе болған жоқ құрсын. Күшті бәрі шүкір, ертең соқ, единица салжівер» деп қойпцадым. Бір кезде інім соғып тұр. «О, қасқалар-ай, бір күн ұйқтағанымды көре қалдыңдар ғо, бәрің соғып. Айта ғой ал, күнде соқпайсың ғо». Ол өзінше прикол айтып, мен тырқып күліп, ұйқым ашылып кеткен сияқты. Ещё ертең кездесу ғо. Сұрақтар қойылад, соңғы жаңалықтарды қарап жүрің деп ед, манаа бестен бері кірген жоқпын. Қызық зат болса құр қалып қоярм. Ұйқтамай-ақ қояйнш құрсын. Одан кейін түнде массагетте сондай көп жаңалықтар болмағанын білесіңдеер, таңғы төртке дейін бұрыынғы жазбаларды оқыыып отырғаным, қасымдағы қыз оянып, сабақ оқим, инет бере тұрш дегендері сендерге керек емес. Таң атты. Тұрдым. Шашымды үтіктеп, киімімді үтіктеп, жүрм асықпааай. Шашымды кішкене жинап қойсамбекен, әлде осылай жіберіп жүре беримба. И андай бір үлкеен кісілер келмитін шығар, кілең жастар емес па, жайып қоя берейнш. Тәәк, қай сумкамды ұстайм, осы киімімді кие беримба, басқасын баа... Нелер алсам екен, ойындааар бірдеңе ойнатыватса керек болып қалар дә, бір дәптер алайн, пеналымды, қолтаңба қойғызатын блокнотымды, партмонемді. Басқа ештеңе қалып қойған жоқ па. Туу, ерте тұрып алып, жүре берем өйстіп. Сонымен бардым, жолда кімді көріп не айтқандарым керек емес. Мәә, кілең бірінші курстарғо. Қасқаа, көбісі күнделікті киіммен келе салыпты ғо, Журналистер сияқты официально киініп келсе болады ғо, Жидегүл апайдың студенттері екенін көрсетіп. Басқа ешкім жоқ па не. Кеше осы жұрттың бәрі «мен барам да, мен барам» болватқан сияқты ед. Басқа универ, факультеттегілер көрімбидіғо. Массагеттен кімдер келедкен? Аа, міне келдіғо. Мынау Ардақ Құлтайғо. Мейіргүл Оңғарова қайсысы? Туу, ана алдындағы жазулар көрінбейдіғо. Ана розовыйдағы ма? Аа, жоқ, ол Сания Ариновакенғо. Ии міне Ардақ Құлтайдың қасында отыркенғо. Құдааай, түрін қараш, тымм жақсы. Дымм танымасам да, тартад соондай өзіне, Оралдікі болғасын баа әйтеуір, күүүшті көрем. Мынау кім үүүндемей, төмен қарааап отырған. Аа, осы ма Анара Мұстафина деген. Құдаай, қызық дә, сөйлемид, күлмид. Настроениесі жоқ па, әлде өзі үнемі сүйтіп жүремекен. Бәсее, жымиды ғо, күлгенде тым жақсы түрі. Ардақ Құлтай бірдеңе шығарватыр ғо, оо кітаптар алып келіпті ғо. Не кітапкен? (маған бұйыратын сияқты біреуі. И қой, қайдан). Фотограф, камера бәрін шақырыптығо. Керім дим. Күшшшті шоу болатын сияқты. Басталды. Әнұран қойылды. Массагеттіктер сөйлед. Кім не айтып, кімдер келіп, кім жүргізгенін ресми жазатындар айта жатар. Кешке жазатын шығар сірә елдің бәрі. Бір қыздар: «Қысқа дейін көп жазба жазған адам Табағанға жолдама алад екен. Дәмболсын жаза берейік толтырып» деватыр еді ғо мана. Туу, дым қызық емес болып кетті ғо. Кілеең өздері мен өздері. Сұрақ қойып алып, жауабын тыңдамай шулаайд, нзат мынау. Не үшін қойды сонда сұрақты, өздерін көрсету үшін ба? Уж бітейіндеватқан сияқтығо. Ардақ Құлтай микрофон алып, кезекті сұрақтарын қояйндеватыр. Осы жері қызық болатын сияқты тек. Аа, анау кітап емес, массагеттің блокноты екен ғо. Ручкасы бар ещё. Бірінші «Әдебиеттегі соңғы Нобел сыйлығын алған кім?» деген баа сондай сұрақ қойд. Мәә, пазор, білмиміз. Жамырамай, қол көтеріп жауап берің деп ед, тіпті жарысып жауап беретіндей бір адам да қол көтермидіғо. Ужссс, пазор құрсын. И жақсы, екінші сұрақ. Бла бла бла, қойылватыр. «Қазір массагетте болыватқан эстафета қандай?» Мейіргүл апа менің бірінші қол көтергенімді көрді, айта ғой дед. Орнымнан тұрып:

- Жатақханадағы бірніші күнім.

- Иә, дұрыс, тағы қандай түрі есіңізде? – деді Ардақ ағай.

- Аа, кітап туралы. Жүргізушіден беріп жіберді блокнотты, сырты күшті, суреттемей ақ қойнш, саламғо фотосуретін.

«Turkvizyon-2013» қай жерде өтеді?» Түркияда шығар, басқа қай жақта? И бірақ, Түркияда болса сүйтіп сұрай ма не? Бір бала айтты. Өөй, Түркиякенғо. «Массагеттегі бас аспазшы?» Тағы да қол көтеріп, жауап бердім.

- Сания Аринова.

- Дұрыс. Құрбыңыз бар ма?

- Иә.

- Соған бересіз, - деп екінші блокнотты берді. Бітті. Туу, дымм қызық болмағандаяқ.  Кееерім болад шығар десем кәмгі. Жоқ құрсын, ешкіме сын таққым келіп тұрған жоқ. Прост, мен ойлағандай болмад та. Ештеңе етпес, жақсы. Әйтеуір, Мейіргүл Оңғарованы, Анара Мустафинаныы живой көрдім ғо. Нормально болд жалпы.

 

Кешке суреттер шығыватса саларм тағы.