Кездеспей кеткен бір бейне

Бәріңіз білетін поэма, Ия Ғабит Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейнесі». Ұнайды ғой, ұнамағанда ше? Сол әдет қой баяғы. Тізбектелген ойлар:

*-Өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас!

*Сол заманыңды тез танып, екпініне ілесе алармысың, жоқ па! Айналаңа адамша көз сал.

*Пайғамбар, әулие дегендерге ат үсті қарайтын, төре дегендерге жиіркене қарайтын қазақ еліне ақыннан асар ардақты жоқ.

*Кейде ақынның балалығына таң қаларсың, кейде ақынның даналығына таң қаларсың. Ақын – қыран, қияға да қонады, ақын – адам, далаға да қонады. Ақын бойын да жасыра алмайды, ойын да жасыра алмайды. Ақын жаны оңай жараланады, оңай жазылады, емі көп. Ақын жүрегіне кек тұрмайды. Кек тұрса қақ тұрғаны. Қақ тұрған жүрек – тот басқан асыл, енді одан берекелі үн шықпайды. Ақын – заман, бір күндік те емес, бүгіндік те емес. Оның кешегісі – бүгіндік, бүгінгісі – ертеңдік. Ақын бойына адамгершілік қана жарасады. Екеуінің біріне ақау түссе, алдымен ақындық өледі...

*Адам баласының әр күні, әр сағаты бір қалыптан құйылып шықпайды. Әр күні ылғи қуаныш, не ылғи қайғы-мұң емес. Соған орай адамның мінез сипаты да өзгеріп отырады. Адам бейнесін жасаудың бір кілті осыған байланысты екен.

*Бір кез ақын ойы Біржан тағдырына ауысып кетті. Ел аузында Біржан да жынданып өлген, Ақан сері де жынданып кеткен. Неге олай? Осы өлкенің атақты адамдары жындана беруі керек пе?

*Қадала қарайды, сағына қарайды. Әншейінде талай көріп елемей кететін алақандай көгал не деген көркем! Шіркін-ай, бір уыс көп шөп қолына түсіп, иіскелер ме еді!

*Мен босансам, бостандықты

Қалай сүйіп, қалай қорғау

Керектігін үйретер ем сендерге!

*Ақын заманына ырза, заманы ақынына ырза біраз жылдар өтіп кетіпті.



Бөлісу: