Кез келген әйелдің…

"Ғашық жүрек - 2" фильміндегі басты рөлді сомдаушылардың бірі, "Жас қанат" фестивалінің 4 орны жүлдегері, "Көрермен көзайымы" номинациясының иегері, Қазақстанның белгілі әншісі Еркін Мәуленмен болған блиц-сұхбат:

Сіз ең алғаш әйел қауымын көрген кезіңізде неге назар аударасыз?

- Әр бір әйел өзі бір назік, әдемі, сұлу жан. Кез келген  әйелдің, өзінің көркіне сай, сұлулығы болады. 

Бірақ, дегенмен кей әйелдер, өзінің табиғи сұлулығына мән бермей, кез келген жерде өзіне ерсі қылықтар көрсетіп, келбетіне сай емес әрекеттер жасап, өзіне жарасымды емес киімдерді киіп өз сұлулықтарын құртып алып жатқан тұстары да баршылық.
Мен үшін ең бірінші маңыздысы бұл үсті басы таза, әр бір киімі ретімен киілген, сырт келбеті өзіне жарасымды болу. Жалпы адаммен алғаш әңгіме дүкен құрған кезде көз бірденнен оның киіп алған киіміне түседі. Содан барып оның сөйлеген сөзіне, айтқан әңгімесіне назар ауады. Бұл мезетте өзіңнің ішкі дүниеңді де ұмытпау керек. Өйткені адамның ең алғашқы әсері әрдайм жадында сақталып қалады. Киімнің қымбат, не арзан екендігі маңызды емес, ең бастысы ол  сол адамға жарасымды болса болғаны. Сонда сол әйелге не қызға қараған кезде адамға дер кезінде «Шіркін, қандай таза, керемет әйел» деген ой келеді. Әйелдің келбетіне қарап-ақ оның отбасының да тазалығын байқауға болады. Айтарым, тазалық өмірдегі басты қасиеттердің бірі.
Сіз үшін нағыз идеал әйел қандай болуы керек?
- Айтамыз ғой өмірде идеал адам болмайды деп. Дегенмен пенде болған соң қателік жасамай тұрмайтын жан болмайды. Бірақ сол қателіктерді өзі ескеріп, соларды екіншіде қайталмауға тырысып, өзін-өзі жөндеп жатса, сол адам мен үшін нағыз идеал.
Ал мен үшін идеал әйел ол – балдарының ақ жаулықты анасы. Балаларына дұрыс тәрбие беріп, отбасың үшін жан күйер болатын, ал ең бастысы өзінің әрдайым әйел екендігін ұмытпайтын жан мен үшін нағыз идеал. Әйел қауымы достарының ортасында да, дұшпандарының алдында да әрдайым әйел екендігін ұмытпауы абзал.
                                       
                                                                                                 Сұхбаттасқан Гүлжан Серік

 



Бөлісу: