Блогта қолданылатын сөздер:
К-попер - Негізінде Ринго тобындағы Аянның көтіне кіруі керек, корей фанаттары.
Хейтер - Корея десе көз алдына шаштары алба-жұлба, боянып алған, қыздың киімдерін киіп алған, бірақ к-поп туралы боқта білмейтін, өзін нағыз жігіт санайтын(әсте олай болмауы да әбден мүмкін) патриот.
Ал осы блогтың авторы - фанбой (Корей өнеріне, мәдениетіне, к-попқа қызығушылығы бар жігіт).
Біз хейтерлердің біп-бірдей комплименттерінен (антонимы) шаршадық :) Осы блогта мен сол сұрақтарға жауап беріп тастағым келді.
1 сұрақ. Олар қысық көздер.
Егер сіз заманауи, мәдениетті, сана-сезімі дұрыс адам болсаңыз, олай айтпайсыз. Адамды көзіне, бет-әлпетіне қарап бағалау - нағыз надандық екенін білесіз бе? Әлде сіз надан адам қатарынансыз ба? Ал жақсы, сіздіңше ол надандыққа жатпаяқ қойсын. Бірақ, қазақтардың көздері еуропалық нәсілді адамдардың көзі секілді деп ойлайсыз ба? Біздің қазақтардың арасында да, қысықкөздер жетерлік. Әнші үшін бастысы - талант. (EXO D.O, Chanyeol)
2 сұрақ. Олар боянады, шаштарын бояйды, жабысып тұрған шалбар киеді. Сондықтан, олар гомосексуалисттер.
Иә, олар боянады. Бірақ, Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас мейкапсыз шығып жүр деп ойлайсыз ба? Қателесесіз. Жә, сіздікі дұрыс, олар мейкаппен шықса да, кореецтер сияқты "тонналап" боянбайды. Сонда да, корейлер не үшін боянады деп ойлап көрдіңіз бе өзіңіз? Антилердің барлығы "Корейлер өз еркімен боянып алады" деп ойлайды. Олай емес, себебі олар компаниялармен келісім-шартқа отырылған. Олардың жеке стилисттері, дизайнерлері, шаштаразшылары болады. Және әншілер оларға қарсы шыға алмайды. Яғни компания оларға не кигізсе де, қандай дәрежеде мейкап қолданса да құқығы бар.
3 сұрақ. Пластикалық операция арқылы әдемі болып жүр.
Жоқ, олар табиғи сұлулығымен жүр деуден аулақпын. Бірақ, тіпті поп музыканың королі Майкл Джексон жасатқан пластикалық операцияны неге жасамасқа? Оның үстіне, олардың барлығы бірдей пластикалық операция жасатты деп ойласаңыз, қате ойлайсыз. Дәлел ретінде, әнші корейлердің кішкендай кезіндегі суреттерін көрсеңіз болады.
4 сұрақ. Сөзін түсінбей қалай тыңдайсың?
Ал сіз 100 пайыз қазақша ән тыңдайсыз ба? Кемінде жаныңызға жақын 1-2 ағылшын әні бар екеніне сенімдімін. Музыканың ұнауы - оның сөзіне емес, орындаушысына, әуеніне байланысты. Оның үстіне қазір қазақша фансаб группалар бар. Олар корей әндерін үзбей қазақшаға аударуда.
5 сұрақ. Кейпоперлер Қазақстанды жек көреді.
Бұлай десеңіз, сізден қатты қателесетін адам болмаған. Біз К-ПОПтың талантына, музыкасына, өнеріне, мәдениетіне бас иеміз. Бұл деген Қазақстанды жек көру емес. Корей әнін қанша жақсы көрсек те өз елімізді, Отанымызды, ұлтымызды жақсы көреміз. Және Корея сияқты ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, экономикамыздың дамығанын қалаймыз.
Тағы сұрақтарың болса, жауап беруге дайынмын, құрметті патриот ХЕЙТЕР!