Кейде ойламайсың...

Кейде ойламайсың...
жеке
блог

    Мен бүгін массагеттегі блогымды қайта аштым. Себебі жоғары оқу орнының табалдырығын жаңа аттап,  біз ненің не екенін білмей жылап-сықтап үйімізді сағынып жүргенде бірінші семестр, 4 ай, 2 рубежка, 1 миттерм апталықтары мен сессиямыз да өтіп кетіпті. Екінші семестрде мектептегідей бірқалыпты өмір емес,алдыңғы семестрдегі сабақтар ауысқан. Жаңа сабақ, жаңа апай-ағайлар. Мектеп бірірген осы жаздың жайма шуақ жадыраған күндерінде "Массагет" жастар порталы жайлы естіп тіркеліп, өзімше бұрындары жазған шимай шатпақтарымды осында енгізіп едім. Қайдан білейін келешекте мамандығыма байланысты дәл сол блогым керек болатынын. Жәй қызығып ашқан едім, қарбаласқан қаланың тірлігіне еніп, сабақ-сабақ деп жүріп бұл блогқа қайта кірмеппін де. Бүгін сабақтан блог ашу жайлы тапсырма алмағанда қалай тіркелгенімді ұмытқандай да екенмін.

    Осы дүниелерге қарап отырсаң, адам баласы қызық жаратылыс қой. Адамға Алла барлығын берген. Алайда соны дұрыс пайдалана алмаймыз. Әлде қазақ қана сондай ма екен, әлде мен бе?.. Алдында тірлігі болса, басына ананы істеу, мынаны істеу керек деген күнделікті қайталана беретін бір элементтерін енгізіп алса, "тірі жүрсек көрерміз" дегендей басқаны ұмытып жүре береміз. Басқа дүниемен бас қатырмаймыз да. Кейде айналамызда не болып жатқанын да байқамаймыз. Радиохабарларын дайындау технологиясы сабағында апай сырттан сұхбат жүргізіңдер дегенде түрлі бағытта көшеде кетіп бара жатқан адамға сұрақтар қойғанда "Ондай жайлы естімеппін", "Білмейді екенмін, естімедім, бармағанмын, көрмегенмін" деген жауаптарды жиі еститінбіз. Соған қарағанда адам баласы табиғатпен де, адаммен де қарым-қатынас жасауды ұмыта бастап, өзімізбен өзіміз болып бара жатқандаймыз. Егер осылай күйбең тіршіліктің тұтқыны болып, айналамызбен аралыспасақ ешкім ешкімді мән бермейтін, қадірлемейтін қуыршақтан артық жеріміз қалмайтын шығар. Сондықтан да ойланайық. Мына бес күн жалғанның соңғы аялдамасына қашан барып аялдарымызды білмейміз. Айналамызбен аралыс-құралыс қызықты да шыжықты өмір кешкенге не жесін?! Еліміздің патриоты, отбасының қамқоры, достың адалы, бастысы өмірдің бір бөлшегі бола беріңіздер!