Кейбір қазақ қыздарына
қайран қалам!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жүзінен имандылық байқалмаған,
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Білмейміз қалай айтты қайран бабам?
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Мәпелеп өсірсеңде жайқалмаған,
Дегенді "қыз жат жұрттық" сылтау етіп,
Отаны басқалардан бай таңдаған.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Базарда арын сатып айқайлаған,
Мәз болып"иномарка"мінгеніне,
Шүлдірлеп ана тілін айта алмаған.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Десеңші бәтшағарлар,қайда барған,
Түсінде бар арманы орындалып,
Тито мен турист болып айға барған.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Көңілін кездескеннің қайтармаған,
Атанып көкек ана түнде жүріп,
Өз атын қайта,қайта қайталаған.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Елімнің болашағын ойламаған,
Қадірін ер адамның кеш түсініп,
Өзгенің шаңырағын ойрандаған.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Қалада оқимын деп сайран салған,
Әкенің ақшасымен бес жыл оқып,
Содан соң базар жақты жағалаған.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Естісе шақырмаған тойға барған,
Атамыз айтып кетті дейдіме екен,
Қу бастар той дегенде домалаған.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Темекі арақ көрсе жайнаңдаған,
Үйінен қырық қадам шыға қалса,
Табылар сырахана,шайханадан.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Бір кезде қолың жетпес арман болған,
Мәншүк пен Әлиядай апаларың,
Қалайша жауға қарай аттан салған?
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Ақ сүтін аналардың ақтамаған,
Төрт бөліп түн ұйқысын бір сен үшін,
Қаншама азаптанды қайран анаң?
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаз гүліндей жайраңдаған,
Болашақ ұрпағымның аналары,
Не болар өздеріңсіз мына заман?