Абайға тағзым!
Абай ата ескерткіші қарсы алдымда,
Талай уақыт өтті өткен жыл қарсаңында.
Озық ой, ұшқыр сезім әлі де келбетіңде,
Білісің бе, мол мұра қалдырғаныңды жер бетіне!
Қымсынбай отырсың, тік жүзбен тура қарап,
Еске аларсың «ғылымды» жыр еткеніңді бізге қадап.
Бүгінде сол үнің сүйек тесті...
Ғасыр мен ғасырлардың ұшын жалғап.
Абай мұхит, көп ақындар ірі тамшы,
Арман жоқ, атансам мен бір ұсақ тамшы.
Болашаққа ту еткен алдағы
Демекпін, әркім ойын тек өзінше толғайды.
Пушкинмен қазақты таныстырған,
Таня әнін ұлттық әнмен табыстырған.
Абайдай ғұламаны кең қазаққа
Арнап қосқан болады Мұхтар ағам!
« Абай жолын» қазір бәрі оқиды,
Оқиды да, көңілге тереңдетіп тоқиды.
Артқандай бойындағы ақыл қайрат,
Жүрек шіркін тулап сонда толқиды.
Абай ата, мен сізге
Таңданамын!
Сол күнде қазақтың қамын шындап
Ойлағансың!
Бүгінде ақталып ол арманың,
Куәсі боп, қуаныштың тұрғандаймын!