Мен сонда өзімше керемет болдым ғой. Тәкаппарсып. Боскеуделік бар, топастық та бар.
Ешкімге сырымды ашпай, құпияланып. Жұртпен жақын араласуға жарамай, онымды дәреже көріп.
Айналама жақтырмай қарап, менсінбей, кеудемді кердім, жек көрдім, ұрыстым.
Ал сонда сен сабырлы болдың. Сенің мінезіңнің кереметі мысымды басты. Оны мен кейін мойындадым. Еркін демалдым.
Боскеуделігім мен топастығым көзге ұрып тұра берер ме еді...
Сенің арқаңда мен де қарапайым бола алдым. Қат-қабат кемшілігімнің ішімді тілім-тілім еткенінің өзі өмірдің тамаша бір әзілі сияқты...