"Кеуделеріне нан піскен" KARTOP.TV...
жеке
блог
блог
Өнерлерімен "өрге жүзген",бүгінде инстаграм қолданушыларының басым көпшілігінің сүйіктісіне айналған @kartop.tv вайнерлерін білетін шығарсыздар?!Бір жылға жуық уақыт ішінде тек қана қазақ тілінде күлкілі əрі мағыналы вайндар түсіріп келе жатқан бірден бір "өнер иелері" осылар.Сəтін салып,бүгін Асхат Садырбай @askhatsadyrbay ағаның курсында картоптықтармен кездестік.Кабинетке кердең басып кірген кербездер аман-саулықсыз төрден орын алды.Мейлі дедік,халықтың еркелері ғой.Əдетте кездесуіміз сұхбат түрінде өтетіндіктен əрі жас журналист болғандықтан ойымызда жүрген сауалдарымызды қойдық.Шəкəрім ағаның айтуынша,өнерге дым қатысы жоқ,өзге саланың мамандары екен.Әділет ағадан @adilettemiruly жауап ала алмадық,шын өтірігін кім білсін, "ауырып тұрғандықтан" жақ ашпады.Физикалық тұрғыдан сергек,биологиялық тұрғыдан сап-сау көрінгендіктен, оның диагнозы "жұлдыз ауруы" шығар деп топшыладық.Аспаннан ағып түскенге дейін тезірек бұл "ауруынан" сауығуын тілейміз.Ал,Шәкәрім аға @shakarimabdollaev бізге "өздері сияқты мықты болып алуымызды" тіледі,а жоқ,талап етті.Бəсекелестік жоқ болғандықтан,жұлдыздары жанып кеткен ағекелеріміздің өнері бағалауға тұрарлық,рас.Айтар сын,тағар мінім жоқ өнерлеріне. Дегенмен,қанша жерден көк тіреп тұрса да,қарапайымдылық деген асыл қасиетті бойларына сіңіргені дұрыс-ау.Олардың алдында ғана келген телевизия майталмандарының өзі олай көкірек керген жоқ."Кеудесіне нан піскен" дейді қазақта ондайларды.Көбірек кітап оқыса,бəлкім қарапайымдылық қалыптасар бойларында,əрі тілдері түзелер еді."Жұлдыздардың" бер жағы жылтыр,ар жағы қуыс екені байқалып қалды,өздері де мойындады.Иə,сабақтан қашып жүрген балалардың осындай дəрежеге жетерін кім білген?!Жаман тілші естігенін жазады,
жақсы тілші көргенін жазады.Мен көзіммен көргенімді жаздым бар болғаны.Кездесу соңында естелік суретке түсу барысында айтқан Шəкəрімнің сөзімен жазбамды аяқтағым келеді "Келсей,Əділет қатаймай".Иə,Əділет аға,қарапайымдылыққа келіңізші қатаймай!
жақсы тілші көргенін жазады.Мен көзіммен көргенімді жаздым бар болғаны.Кездесу соңында естелік суретке түсу барысында айтқан Шəкəрімнің сөзімен жазбамды аяқтағым келеді "Келсей,Əділет қатаймай".Иə,Əділет аға,қарапайымдылыққа келіңізші қатаймай!