Кеттік!

Кеттік!
жеке
блог

Басқаларды қайдам, өз басым еріншек екенімді мойындайтын адаммын. Қарапайым мысал, "Массагетке" тіркелгеніме айдың жүзі болса да, "шимай-шатпақтарымды" жұрт алдында жариялауға батылым жетпей ме, әйтеуір қолым бармай жүр. Елорданың еңселі оқу орнында, журналистика факультетінде оқып жатқаныма бақандай үш жыл болса да, ауыз толтырып  айтарлық еңбегім жоқ. Уақыт сынаптай сырғып өтіп жатыр, өмір - уақытша. Бірақ, сол өмірдегі сенің ісің уақытша болмауы керек қой. Адам 80% судан құралған, егер оның арманы мен мақсаты болмаса, ол жай ғана аяқ астындағы лас су ғана емес пе? Қысқасы, қазір санамда сілкініс жүріп жатыр. Блог ашуымның өзін сол жаңа өмірге деген менің алғашқы қадамым деп қабылдаңыздар. Алдағы уақытта тұщымды жазбаламен қуантарыма сенімдімін. Мені жатырқамай, қатарға қосасыздар деп үміттенемін. Көп жазуға ерініп отырмын, осымен аяқтайын. WinkСәттілік тілеңіздер маған. Кеттік!