Кете барды алшақтап біздің арамыз...
жеке
блог
блог
Жаймашуақ жадыраған кез еді,
Келіп қалған жаз айының кезегі.
Кездестірдім осы күні өзіңді,
Маған жеткен махаббатың өзі еді.
Адал досым болып едің сол шақта,
Кеш батқанша сырласушы-ек гүл бақта.
Күлдіруші-ең, қуантушы-ең риясыз,
Қазір ешкім көрінбейді ол жақта.
Талай жыл өткен екен арамызда,
Уақыттан асып бізде барамыз ба?
Өкпелеттім өзіңді мен аңдамай,
Енді біздер баяғыдай боламыз ба?
Кете барды алшақтап біздің арамыз,
Екеуміз де бөтен болып барамыз.
Алшақтамыз, жырақтамыз екеуміз,
Қалай енді сол күндерді табамыз?