"Кешью" тобы жайлы не білесіз?

Кешью тобының құрамы түбегейлі өзгергеніне көп бола қойған жоқ. Дегенмен, халық арасында әнші қыздар тез танылып, өз бағаларын алып жатыр. Мысалы, бір ай бұрын жасаған "Үздік герлз-бенд" сауалнамамызда "Кешью" тобы бірінші орынды иеленеді.

Кешью тобының мүшелері өздерін былай таныстырады.

Кәмшат: 1988 жылы Маңғыстау өңірінің «Форт Шевченко» қаласында дүниеге келгенмін. 9-сыныпты бітірген соң ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжге оқуға түстім. Кейін өнер жолын қумақ ниетпен Алматы қаласына келіп, Қыздар педагогикалық университетінде «ұйымдастырушы» мамандығын иелендім. 3-курста оқып жүргенде «Кешью» тобының құрамына қабылдандым. Мамандығымды айналысып жүрген сүйікті ісіммен байланыстырғым келіп, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының эстрада факультетіне ауыстым. Содан бері әншілік өнердің өкілімін.

Жанар: 1987 жылы Қызылордада туылып, Павлодарда өстім. 14 жасымда «Жас қанат» фестивалінің жүлдегері атандым. Сол кезден бері сахнада жүрмін. Жоғары білімді Мәскеуде алдым.

Айдана: 1991 жылы Семей қаласында туылғанмын. 11-сыныпты бітірген соң, Алматыға келіп сәулет және құрылыс академиясына оқуға түстім. Мамандығым – дизайн жасаушы. 5 жасымнан бері ән айтамын. Жеті жылдық музыка мектебін бітіргенмін. Бойымдағы қасиетті жасырып қалғым келмеді, Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығына кастингке келдім. Содан бері сүйікті ісіммен айналысып келемін.

Топтың аты неге "Кешью"? 

Біздің продюсеріміз топты құрған кезде, үстел үстінде «кешью» жаңғақтары тұрған екен. Жаңғақтың ерекше атауы Баян Мақсатқызына ұнаған болу керек, топты осылай атапты.

P.S. Бүгіннен бастап, "Өнеге" журналының №10-саны сатылымға түсті. Қазақ эстрадасы және әлемдегі сан-түрлі тақырыптарды қамтыған журналды сатып алуға асығыңыздар, ағайын!



Бөлісу: