Кешіруді үйрендім...
блог
Алғаш рет кездесіп еді көктемде,
Ай нұрымен оларға шуақ сепкенде.
Алғаш рет қос жүректің үлпілі,
Бірге соғып табыстырған өлкеде.
Алғаш болып бөленді шын сезімге,
Қыз жігітті, жігіт қызды көргенде.
Төлеген мен Қыз Жібек қайта орылып,
Табысып еді кербез Кереку елінде.
Көктемде өтіп, күзде жетіп қоштасты,
Ант етіп еді: "жүрегіміз бірге" деп.
Содан бері қаншама ай, жыл өтті,
Екі жүрек қосылмапты сол күйі.
Жігіт болса тапқан екен өзгені,
Анты ұмытып берген сол кездегі.
Қайта оралса қыздағы сол өлкеге,
Көрген екен жігітті той үстінде.
Екі жасқа бақыт тілеп қыздағы,
Жылай - жылай кеткен екен деседі.
Кетерінің алдында ол жігітке,
Жүрек сөзін айтқан болса керекті:
"Сүйсеңдағы басқа жанды, сүюді мен қоймаймын,
Махаббат деген отқа мен түссемдағы болмаймын.
Босатпаймын сүйгенімді, бірақ бақыт тілеймін,
Себебі мен СҮЮДЕН бұрын, КЕШІРУДІ ҮЙРЕНДІМ!!!"
Көп адамдар сүюді біледі, бірақ сүйген адамының қателігін өмір бойы кешіре алмайды. Менің ойымша: сүйгеніңді кешіре біл, бірақ бұл оны өзіңе қайтадан қабылда деген сөз емес, тек өмір бойы өкпелеп күн кешкенше, оны кешіріп, бақыт тілеп, өзің жаңа өмір бастағаның әлдеқайда жеңіл.("Қыз ғұмыры" жазбасынан үзінді...)