Кешірме, Жүрек, ұмыт...

Кешірме, Жүрек, ұмыт...
жеке
блог

...Бағыма кел-дағы, жайғасшы,

құндақтап мендегі арманды.

Беймәлім маған сол сырды ашшы,

бір тәуір сүрейін жалғанды...

...Сағыныш бағына қалдырмай,

алып кет немесе ұмыттыр.

Сезімнің гүлдерін солдырмай,

бәрінің біткенін мың ұқтыр...

...Әр адам теңімен жарасар,

Біздікі қателік болған-ау.

Жаратқан өзі бір қарасар,

әзірге тым ұзақ жол мынау...

/маусым/ 

 

...Сен менсіз жүрсің бақытты,

ұмыт қып өткен күндерді.

Мен жүрмін татып сарқытты,

жастық қып жастап түндерді...

Құлазып жүрек, құлдилап,

түбіне құздың бұғынып.

Көңілім, әне, жүр жинап,

алдамшы сөздер сынығын.

Келме де, көрме, білмегін,

мендік хәл бүгін - сен ұқпас.

Сенсіз бір әлі күлмедім,

бақыттың нұры да жұқпас.

Кім білген, бақыт дегенім,

өзіңсіз мынау күн шығар.

Өмірге менің келгенім,

біреуге, сірә, мұң шығар...

біреуге, сірә, жыр шығар...

...үзілсін бәрі, бары да...

/тамыз/

 

...үзілді үміт. Жалғамақ емес ешкім де!

"Кешір" деуіңе, Күнім-ау, кешір, кеш мүлде!..

Өмірдің бұл бір сынағы болды ауырлау,

Тұра алмас қарсы тағдырға, адам шешімге,

Кешірме, Жүрек, ұмыт, бірақ... кешірме...

/тамыз/

 

Үміт, үміт, тағы да сол бір үміт,

Сол "үміттен" адам үміт үзбейді-ау.

Бәрі-дағы бір күні болар ұмыт,

Бірақ адам бір үмітті... іздейді-ау...

/әрқашан/