Сізде, мен де кешірімге мұқтажбыз. Жүйке ауруларын емдейтін аурухананың директоры былай деген: өздерінің кешірілгенін білсе және соған сенсе, онда емделіп жатқандардың жартысын дәл қазір уйлеріне жіберуге болар еді.
Біз адамдардың жүректеріне күйініш, ыза, өкпе, запыран сезімдері қордаланып жиналған қоғамда өмір суреміз. Біз кешірімге мұқтажбыз!
Кешірім –қарым-қатынасты майлайтын май. Ол үйкелеуді азайтып, адамдарға бір-біріне жақындасуына мүмкіндік береді. Егер сіз алдыңыздағы адамның кешірімшіл емес екенін білсеңіз, онда сіз ешқашан ол адаммен ашық бола алмайсыз.
Кешіру қолынан келмейтін адам терең, тұрақты және жақын қарым-қатынастар дамыта алмайды. Сіз қаншама ақылды немесе тәжрибелі адам болсаңызда, егер сіз кешірімсіз болсаңыз, онда сіз басқа адаммен тығыз қарым-қатынас жасай алмайсыз, себебі кешірім болмаса, ұрыс-керістер жалғаса беріп, қатынасқа теріс әсерін жасай беретін болады.
Оның үстіне егер сіз кешірімсіз адам болсаңыз, онда жалғыздық сіздің серігіңіз болады, себебі басқалар сізбен ашық болудан қашқақтайды. Сіз өз айналаңызда қабырға жасап алғандай болсаңыз. Достық қарым-қатынасының өсіп, тығыз бола түсуі үшін достардың бір-бірі туралы «мен қанша қате жасасам да, досым мені бәрібір сүйіп, кешіретін болады» деген сезімде болуы керек.
Ерлі зайыптылардың бірі кешірімсіз болса, онда да бұл тығыз қарым-қатынасқа кедергі болады, әсіресе өзара түсінісуге кедергі жасайды. Сондай адамның зайыбы оны ренжітіп аламба деген қорқынышпен өмір сүріп, оған ойларын ашық айтудан қашатын болады. Ондай қарым-қатынаста ақыр соңында өкпе-запыран билейтін болады.
Ал егер некеде жұбайлар бір-бірін керегінше жиі кешіретін болса, онда бұндай некелік қатынас барған сайын тығыз бола түседі себебі кешірім адамды ашығырақ болуға итермелейді. Егер біреу сізді қателеріңіз бен кемшіліктеріңізге қарамастан сүйіп, сіз оған бір жамандық жасағанан кейін де қабылдайтын болса, онда сіз сол адамға тек одан да терең сүйіспеншілікпен қарай бастайсыз.