Кешіре алсаң, кешір мені...
блог
Сәлем, Д*****! Мен сенен өзімнің дұрыс емес істегенім үшін кешірім сұрағым келеді. Сол сәтте сен ойлаған боларсың мен сені сүймейді екен деп, мен сені осы ойға сендірттім, себебі басқа жолмен сен мені жібермес едің. Бірақ мен басқа ешкімді сүйген емеспін. Білсең ғой қаншама түндерді мен жылаумен өткіздім. Сен менің тіреуім едің, сені сүйген әрбір күнім мәнді еді, сенімен бірге болған әрбір күн үшін құдайға рахмет айтамын, дәл сендей мені ешкім сыйлап, сүйген емес. Сол кезде екеуміз айрылыспағанда мүмкін барлығы жақсы болар ма еді, мүмкін бұдан да жаман болар ма еді. Сол кездегі менің ойым мына өлеңдегідей болған "... Расставшись мы с тобой, спасем свою любовь от сложных разговоров и обид...". Екеуміз бірге болған кезде екеуміз ренжісіп, ұрсысып көрмеппіз, мүмкін біздің қарым қатынасымызға осы да жетпеген болар. Білмеймін... Сенімен айрылысып кетсем де әрбір күнді сені ойлаумен, саған бақыт түлеумен өткізетінмін. Уақыт пен арақашықтық емші деген рас екен, басында жүрегім ауырып жылағанмен уақыт өте келе маған бәрібір болып кетті. Мен сені ұмыттым, тек сенің алдыңда өзімді сондай кінәлі сезінем. Сенің жалғыз болғандығыңа өзімді кінәлі сезінем. Сен бақытты болуға лайық жансың. Өткенді ойлағаннан не пайда? Бәрі өтті, кетті... Кеш те болса, сенен кешірім сұрағым келеді. Сенімен айрылысқалы бірнеше жыл өтті, бірақ ешкімге сезімім оянбай-ақ қойды. Кейде ойлаймын мені Аллаһ жазалап жатқан болар сол пәк адал сезімді өшіргенім үшін. Менің қолымнан сенен кешірім сұраудан басқа ештеңе келмейді. Сен мені әлі күнге дейін ұмыта алмай жүргеніңді білем, бірақ, менің ойымша, ол уже махаббат емес, ол сенің жүрегіңнің түбінде қалып қойған реніш. Осы сөздерді тікелей өзіңе жаза алмайтыным өкінішті, сен как всегда дұрыс түсінбей қаласың ба деп қорқам. Ішіме сыймаған соң жаздым кешірерсіздер.