Кешірдім бәрін

Кешірдім бәрін
Бақытты болшы жарығым
Өзіңсіз қалған жаралы жанды бір күні
Кездесіп қалған сәтінде бірден танығын.
Көзіннең ақсын бақыттың жасы тоқтаусыз
Еркелеп жүрші арайлап атқан таң нұрым.
Өзіннең алыс болсамда дұға тілеймін
Айырды бізді қоспады қатал тағдырым...

Ұмытшы дедің
Ұмытам бәрін бер уақыт
Іздепте сені бармаймын күнім бей уақыт
Қиылған мұңды көргім келмейді жүзіңді
Сағынып сырттай жүргенім саған мың бақыт.
Жылатып алып жұбатып алып шерленем
Жүректін үнің сырлатып қана жырлатып...

Жыласан жаным 
Серігін болар өгей түн
Күндерін туар шаттыққа сені бөлейтін
Жақындатпайсын кінәлі санап өзіңді
Кетер ем алып өзіңғой мені бөгейтін...

Бақыт тіледім
Болады бәрі оңымен...



Бөлісу: