Кешір мені- кешіріміңе лайық болмасам да!

Кешір мені- кешіріміңе лайық болмасам да!
жеке
блог

Ол екеуі бір- бірін қатты жақсы көретін еді. Сезімдері де бір- біріне ерекше болатын. Алуаның мінезі жайдары ашық, мейірімді, ешкімге жамандық ойламайтын, əке- шешесінің ортасында аяланып, əлпештеніп өскен қыз еді. Алуа үйінің бірінші баласы еді. Сондықтан үнемі дұрыс жүруге талпынатын . Себебі артындағы іні сіңілдері Алуаға  қарап өседі. Арман үйінің үшінші баласы. Мінезі ашық, бірақ қырсықтығы басым еді. Мойындамайтын қасиеті бар, бұл нағыз ер жігітке тəн қасиет болатын себебі барлық нəрседе намысын биікке қоятын. Екеуінің алғашқы таныстықтары мектеп қабырғасынан басталып, Жоғарғы оқу орнында əрмен қарай жалғасты. Сезімдері бір- біріне күшті болса да ешқашан шеңберден шықпайтын. Бір - біріне қатты сенетін. Ренжісе қалса Алуа əлбетте бірінші кешірім сұрайтын, себебі ер- азамат деп Арманды өзінен биік санайтын. Арман Алуаның осы мінезі үшін қатты жақсы көретін еді.  Осылай бақытты күндер өтіп жатыр! Аспан да жайдар ашылып , күн де күлімдеп, айнала нұрын шашуда бірақ өмірдің тосын сыйлары əлі алда еді екі ғашық үшін. Бұл күн  қыркүйектің 27 жұлдызы еді Алуа осы күні қатты шаршап  ұйқыға ерте кеткен болатын. Арманға осы күні хабарласпады да, себебі оған өзінің іздемегені үшін ашулы еді. Арман бұл күні достарымен кездесіп үйге де жай қайтқан болатын. Алуа кірпіктері қайырылып, қара шаштары əсем ою жасап, аппақ дидарына өң беруде. Осы əсем көріністі түңгі қоңырау шылдыры бұзды. Сағат түңгі үш. Алуаға хабарласып тұрған нағашы əпкесі еді.

-Алло,  əпке тыныштық па? Неге түнде хабарласып тұрсыз?

-Иə, тыныштық. Мен үйге келіп тұрмын. Есікті ашшы! Алуаның жүрегінің дүрсілі кеудесінен атқақтап, жүрек үні сыртқа естілуде. Неге екендігі белгісіз ойына "əкем болмаса екен" деген   сөз ойына орала берді. Тынысы тарылып, көзі қарауытып, есік алдына əрең жетті.  Қыздың жүрегі жамандықты сезді. Осы күні Алуаның əкесі қарғыс атқыр жол апаты кесірінен жарық дүниемен қоштасқан еді. Осылайша күндер өтті. Алуаның əсем жүзі солды. Күнде ойлайтыны əкесі ғана болды. Қатты қиналып кетті. Жүрегі тек əкесін сұрады. Арман Алуаға қолдау берді, жанында болуға тырысқанмен Алуа бұрынғы күйге ене алмады. Осы жолғы соққы ол үшін тағы ауыр болды. Əкесі қайтқаннан кейін,он шақты күннен кейін Арман əскерге кететіндігін айтты. Əскерге кететін күн де жақындады, бірін- бірі қимады, амал не жігіт қыздың уəдесін алды, қыз күтемін деп уəде етті. Осы жыл Алуа үшін ең азапты жылдар болды. Əкесі кетіп еді бəрі үсті-үстіне қиыншылықтар жамалып, жанын қатты күйзелтті. Анасының ауыруы, сіңілсінің ауыруы, əлеуметтік жағдай, туыстарының  сатқындығы Алуаны қинап жіберді. Осы уақыттарда оған өзінен жеті жас жоғары жігіт тұрмыс құруға ұсыныс жасаған еді. Алуа осы сəтте жанында болатын жанды іздеген. Арманды ұмытып бара жатқандай болды. Оны емес, басқа жанды іздеуді шығарды. Арман əрең дегенде уақыт тауып хабарласса, Алуа қоңырауларына жауап бермеді. Осы əдет күннен күнге жалғасып, Арман көзден кеткесін, көңілден кетеді дегендей көңілінен кетті. Жеті жас үлкен жігіттің етегінен ұстап,  содан қамқорлық күткен еді. Алайда жігіттің əке- шешесі қарсы болып, Алуаның сезімі де қамқорлығы да жайына қалды.  Осылайша күндер, азапты айлар, жылаумен өткен сағаттар өтіп, Арманның əскерден келетін уақыты болды. 

 Қазан айының 6 шы жұлдызы. Күн қаһарына еніп, аспан көз жасын төгуде. Алуа таңда оны күтіп алуға барғысы келді бірақ ар- ұяты маза бермеді. Себебі уəдесінде тұра алмағаны үшін Арманның бетіне қарауға ұялды. Себебі, оның алдында кінəлі сезінді өзін. Арман Алуаны келеді деп күткен. Бірақ олай болмады. Ол əскерден келгеніне өкініп, жаны қатты ауырып ғашығын іздеді. Достары Арман үшін бəрін жасаған еді бірақ Арманның жүрегі махаббатын қатты сағынды, оны қатты көргісі келді. Бірақ бұл ойы бола қоймады.Арада бір аптаның жүзі болды. Арманның ұялы телефонына белгісіз адамнан хат келді. Хатта :" Сенің алдыңда кінəлімін! Кешіре алсаң кешір! Бірақ сенің кешіріміңе лайық емеспін!" деген Алуаның жан жарасы еді. Осы сəтте Арманға өкпесіне суық тиіп қатты ауырып жүрген еді. Хатқа мəн бермейін десе де, көз алдынан ғашығының бейнесі кетер емес! Осылайша жігіт бар күш-жігерін салып, сезіміне ерік беріп жауап қайтаруда:

" Осыншама жыл мені құры алдап келдің ба? Сенің сүйетінің қайда? Саған соншама не істедім мен? Қандай жамандық жасадым саған? Уəде бергенің қайда?Сен менің намысымды аяққа таптадың. Саған байлық керекпеді. Сол мені жылатып тастап кеткен адамың қайда? Қазір жаныңдама? Бақыттысың ба сонымен? Сен өтірікшісің. Қаншама уақыт сені ойладым. Неге бір рет болсын хабарласпадың? Ал қазір не мен келгесін хабарласып, мені мазақ еткенің ба? Сағынған сағынышыма да тұрмадың ау,- деп Арман ішіндегісінің барлығын шығарып жеңілдеп қалды. Бірақ заттың соңында намысын қойып, сезіміне ерік берді. Ақымағым, сені қатты қатты сағындым деп аяқтады. Алуа хатты оқып, əбден көз жасына ерік берді. Күтпегені үшін өкініш болмады, тек  жақын жанның өзі үшін қиналғанына жүрегі ауырды.  Алуа Арман жауап қайтарма демесіне қарамай жауап қайтарды:" Кешірі алмайсың білем. Кешірме. Мен кешірім сұраймын  бірақ кешіруге лайықты емеспін. Мен екіжүздімін, мен өтірікшімін, мен байлыққұмармын, мен сондай қаныпезермін. Сені күтпеген де мен, қинаған да мен, бəріне мен ғана  кінəлімін. Мен өз жазамды алдым. Ендігі өмірім бақытты болумен өтсінші өтінемін. Маған бақыт тілегеніңе рахмет. Сен менің өмірімдегі  мақтан тұтатын жансың. Рахмет саған сол үшін. Өзіңді күт, денсаулыгынды күт. Бакытты бол алдагы өмірде. Саған бақыт тілеймін мақтанышым ", деп сөзін аяқтады. Осылайша ғашықтық жолы жойылды. Енді екі ғашық еашқашан қосылмайды.  Арада жыл өтті. Алуаға өзіне сай бір жан жолықты. Арман да өз ғашығын кезіктірді. Екеуі серуендейтін саябақта Арман өз ғашығымен, Алуа өз ғашығымен өтіп барады. Екеуі бірін-бірі көріп, көздерімен бақыт тілеуде! Осылайша махаббатқа нүкте қойылып еді бірақ əрі қарай бас əріппен өмір басталды.