Кешір, күнім

Кешір, күнім...


Сен мені ойламағын періште деп,

Жолымнан үміттенбе, жеңіс тілеп.

Мен - бар болғаны қауашақпын,

Шағылмай қалып кеткен шемішкі тек.

 

Мен сенің жүрмін бе әлі ойларыңда?

Кешіргін естен шықпай қойғанымда.

Кешірші, маған қатыс барлығы үшін,

Бейнем өшсін кеудеңнің сол жағында...

 

Мені ойлаумен өтті-ау, есіл күнің,

Менен басқа алды екен есіңді кім?

Ұмыт бәрін: бейнемді, сөздерімді,

Ғайып күнмен ұмытшы... Кешір күнім...



Бөлісу: