Кешір, әке, Шөбіңді шабыспадым
Егініңді…оны да салыспадым.
Өзіме де ұнамайд кей-кездері
Осынау тас қаламен табысқаным
Кешір, әке, қасыңда бола алмадым
Сезіп жүрмін жаныңның тоналғанын
Еркін өскен жайлауда ерке ұлыңның
Білсең ғой көп ішінде жоғалғанын
Әке, сені тырыстым түсінуге
Менің кеудем өзің деп кісінеуде
Жасымнан өздеріңнен жырақ өстім
Өздеріңмен болмапты ісім мүлде
Бәз-біреулер күледі-ау енді бізге
Бір-бір бақыт бұйырмас бәрімізге
Кешір, әке, ұлыңды бара алмайды
Егініңді оруға сары күзде…