Кешіктім....
блог
Таңның атқаны жаңа ғана, ал мен жынданып отырмын. Үлкен жоспармен жолға аттанбақ болған едім...Жұмыс командамен. Олардан қалып қойдым. Қалып қойғаныма кінәлі қалай тартсам да өзім екенімді білем,бірақ мына шахардың қотыр-қотыр көшелері мен тынымсыз 24 сағаттық пробкасы жүйкені жұқартады. Шуағымен еркелетіп тұрған күнде қала сыртына қызғалдақтармен съемка жасау үшін бір аптадан бері шешіле алмай,біресе жолы болмай жоспарлаған шаруалар бар болған-ды. Ол біз күткен күн де бүгінге бұйырып еді,бірақ маған бұйырмай шықты. Қап әттеген-ай. Қас қылғанда бүгін кешіккенімді қарашы...
Ерте оянуын ояндым, бірақ мен жақтан /Абай-Сайын/ такси ұстау бір тұнған сор. 5 сағат көшеде тұрдым таксиім тоқтап қала ма деп...сұрағанын беруге дайын тұрмын,сонда да "не по пути"-мен алдап кете барды бірінен соң бірі. "Немене бәле бәрің сол тұсқа барасыңдар емес пе қалай не по пути?" деп мен ызам шығып тұрмын. Әрең дегенде отыруын отырдым да енді келгенде шұрық тесік көшеде ұзын-сонар "пробка"...."Жай пробка емес, "прооооооооооооообка"!!! Ол аз дегендей адам кешігіп ,сүрлігіп жаным мұрнымның ұшында тұрғанда жүргізуші де қиылып әр адамға тоқтай бергені. Мына жақтан Ғазек "айқайлап" жатыр Қазынаны еңбектеп келе жатыр деп ойлаған ғой. Еңбектеп келсем жетер ем, тұрмын ғой сол қадалған күйі қасқайып.... Ашуымды жүргізушіге білдіріп те алдым ," мен асығыспын,тоқтай бермеңізші,онсыз да симайды машинаға" деп. Ол состиып аларған көзімен бір қарады. Үндемеді. Щщщщатағым жоқ қой менің де түсіне ме қоя ма...пошыны қазақ,тілі орыс, "ощм" қайда барады ұғып-ақ отыр. Әйтпесе солай қара өгіздей қарай ма маған?!
Бәрін қойшы, әдемі табиғатқа суретке түсем деген "Гитлерский планым" жүзеге аспай қалды. Қазір команда съемкада. "Примееерно" біліп тұрмын қандай рахат... Бар әдемі затым мен тамағымды көтере келіп ем, заяға кеткенін қарашы...
Қаланың көшелеріне де жыным шығады. Сол дырылдаған у-шу жұмысты түнде ел жоқта,көлік жоқта тып-тыныш жасап,қышуы қанғанша тесе берсе болмай ма?! Келеді де жолды жабады, содан көліктер ығылып тұрады да қалады күнімен...Метроның түрі анау. Елдер қызыққа ғана пайдаланады. Оның өзі екі-үш жерге барады. Метро баратын жерге мен жаяу-ақ барам. алысыңды жақындататын жер болмаған соң несіне пайдаланасың? Тізіііііп Абай көшесінің бойына салған. Абайға жаяу шықсаң жетер жеріңе екі аяқпен-ақ жетесің ғой "гуляяяяяйййтттаааап". Байтұрсын мен театр арасы,одан максимум Гагарин көшесі , оның өзі жылан біткеннің "құйрығы" . Жоқ басқа. Сонда неге салды 40 жылдық тарихы бар метроны? Ол да той болдысынан боладысы қызық болып арманда кетпей әйтеуір бір салынды. Жырлап сқтап жүріп салынса да. Оның өзі міне,сұрқы осы болып тұр. Нағыз көліктер жүргенде қиындық тудыратын жерлерге салу орнына....ей қойшы айтқым да келмейді.
Қысқасы сол,кінәлі жол,Жөндейтін бол!!!