Нұржан түсінен шошып оянды. Түсінде қолындағы сағаты тоқтап қалған екен. Бұны жай түске балаған ол, мән бермеді. Бірақ, көз іле алмады. Өйткені, сол сағатты, анасы сыйға тартқан. Күн бейсенбі. Оятқыш әдеттегідей сағат жетіде шырылдады. Түндегі түсін қайта – қайта ойлап қатқан ол ояу еді. Оятқышты сөндіріп күтіп жатты. Күткендегі мақсаты қасындағы жұбайы тұрып таңғы ас әзірлер деп ойлады. Әйткенмен, тал түске дейін ұйықтауға үйренген қала қызы оянбады. Оянбақ түгілі, оятқыштың даусын да естіген жоқ.
Нұржан ашуланып төсегінен тұрып кетті. Таңғы асын ішіп жатып терезеге алдындағы балапан торғайға көзі түсті. Балапан торғайдың қанаты сынған екен. Ұшып жүрген кезде зақымдап алса керек. Оның қасына анасы келіп тырнағына қысып ұшып кетті. Торғайдың баласына көрсеткен мейірбандылығын көріп Нұржан өзінің жанарынан тамған жасты байқамады. Нұржанның есіне балалық шағы оралды. Ол сәби кезіндегі алған жарақатын есіне алды. Футбол ойнап жүрген кезде құлап, қолын ауыртып алып, анасы күн демей, түн демей қасында болғаны туралы ойлады. Бір сәтте орнынан атып тұрды да, іле – шала киініп, сыртқа қарай беттеді. Көлігін тез оталдырды да жолға шықты. Ойында тек «неге» деген сауал тұрды.
Асыққан сайын жылдамдықты үдете түсті. Алайда, кептеліске тап болды. Ойлаған сайын минуттары секундтарға айналды. Шыдамағасын көлігін таптап, межелеген жерге жүгіріп баруды ұйғарды. Өкпесі өшседе діттеген жеріне ақыры жетті. Оны күзетшілер кіргізбеді. Оларды тыңдамай ішке енген ол анасы жатқан бөлмеге қарай бет алды. Банадан бері асығып келе жатқан жері қарттар үйі болатын. Келіні сыйғызбағасын осы өз еркімен келген. Алғашқысында, Дильназ (Нұржанның жолдасы) Нұржанның анасын ұнатпады. Мүмкін уақыт өте екеуі татуласып кетер деп ойлады Нұржан. Бірақ бәрі бекер, Нұржан жұмысқа кеткенде анасына бір кесе шай құйып беру түгілі, саусағында қимылдатпайтын. Сол үйдің үйін жинап, асын әзірлеп, кірін жуып жүрген сол Нұржанның анасы. Оны ескеріп жүрген келін жоқ. Оның мақсаты болды ма әйтеуір бір күні жұмыстан келген де Нұржанға қарттар үйіне апарып тастауға бұйырды. Келіннің айтқанынан шықпайтын баласын аяп анасы сол үйге кеткен.
Бүгін Нұржан бәріне өкінді. Осы жерден шыққан бойда жолдасымен ажырасуға арыз беруге, анасын үйге әкеліп, жаңа өмір бастауға бекенді. Анасына бар мейірімін төгіп, бағып – қағуды ойлады. Үйдің мәні де, сәні де анасы екенін түсінді. Анасы кеткелі бері үйден шуақ жоғалғандай болды. Шашылған киімдер, күйген тамақтың иісі, жиналмаған үй осыны күнде көретін ол үйге барғысы келмейтін. Енді бұндай қайталанбайтынына Нұржан өз – өзіне іштей уәде беріп келе жатты. Бөлмеге кірді. Бөлмеде екі әже отырды. Нұржан түсінбей анасын атын атап сұрап еді бұндай жауап естігеннен тас керең болып қалағаны жақсы еді. Көзі жасаурап не істерін дәлізде келе жатып, орындыққа отырды. Бір сәтте қасына анасымен жасты бір кейуана келіп отырды. Анасымен бір бөлмеде тұрған құрбысы екен.
Нұржанның түрі марқұм анасына ұқсайды екен, содан таныпты. Анасының соңғы кезде құса болғанын айтты. Жалғыз баласының бұлай істегеніне анасы күндіз –түні жасын тыймай жүрген екен. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жолдасынан Нұржанның 6 айлығында айрылып, содан бері көрген қиыншылығының енді зейнетін көргісі келгенде осындай жағдай болғанына анасы қатты қиналып ақыр аяғында миына қан кетіп дүние салғанын естіп Нұржан өзін ең сорлы адам сезінді. Өмірде жар таңдаудан бір қателессе өмір бойы балам барым деп өткен ансының сенімін ақтамағанына күйінді. Ойы сан – саққа кеткен ол баспалдақтан қалай құлап қалғанын байқамай қалды. Көзін ашса, ауруханада жатыр, аяғы сыныпты. Сынған жері жанын ауыртып жатсада оған мыңқ еткен жоқ. Оның ауырып тұраған жері жүрегі және өзегін өртеген өкініші еді.