Кешіккен жауаптар
блог
Қыздардың мерекесіне орай сырлы сұхбат алаңы жаңармай қалды. Мерекеге қарай қарбаласта Мейіргүлді әурелемейін деп жауаптарды жаздыруға асықтырмадым. Өздеріңіз қойған сұрақтарға жауап беру бүгін сәті түсіпті, ендеше назарларыңызға ұсына отырайын
Кумиріңіз бар ма, бар болса кім? Айта отырыңыз
Кумирім – Баян Есентаева. Мен осы кісі сияқты мықты әйел болғым келеді.
Массагеттен біраз айтысыңызды оқыдық. Енді менің сұрағым мынау: Ақын болу үшін Ақында не болуы керек деп ойлайсыз? Және қай ақындарды көп оқисыз?
Ақындық қасиет ең бірінші табиғаттан берілуі керек. Табиғат бермесе, түк шықпайды. Қазақ өзі ақынжанды халық қой. Егер мен қазақ болып жаралмасам, өлең жазу қабілеті болмас па еді деп те ойлаймын. Қазіргі ақындарды оқымаймын.
1. Адам бойындағы сізге ұнамайтын қасиет?
2. Бос уақытты қалай өткізген ұнайды?
3. Бала күніңізде не армандайтын едіңіз?
4. Блогерлік жолыңыз қалай басталған еді?
1.Форрест Гамп фильмінде ғой деймін қателеспесем «Жақсы адамдар жауыздық жасай алады, жаман адамдар жақсылық жасай алады» деген сөздер бар. Сондықтан әр адамның бойында екі түрлі бір-біріне қарама-қарсы қасиет болады. Ешкім де періште емес, сәйкесінше, бір адамды бір ғана қасиетіне бола, нашар адам деп бағалауға болмайды.
2.Өз-өзіммен оңаша қалып демалған ұнайды.
3.Бала күнімдегі армандарым есімде жоқ J
4. Ең алғашқы блогты Медиа-Нет халықаралық журналистика курсында оқып жүргенде 2010 жылдың 15 сәуірінде Асхат Еркімбайдың көмегімен блогспот тұғырнамасынан аштым. 2010 жылдың 5 қарашасынан бастап блогпен шындап айналыса бастадым. Ұшқын деген жеке блог жүргізіп, уордпресс блогшылары арасында «Ұшқын» деген лақап атқа ие болдым. Қазірге дейін кей блогшылар мені «Ұшқын» деп атайды. Сөйтіп қызығушылығыммен жеке блог жүргізіп жүргенде, өмірім интернет журналистикамен тығыз байланысты болып кетті.
Қыз баланың қай жаста тұрмысқа шыққаны жақсы?
Әркімнің тағдыры әртүрлі болғандықтан, тап басып ештеңе дей алмай тұрғаным. Дегенмен, ерте тұрмыс құрғаннан гөрі өмірден өз орныңды тауып барып тұрмысқа шыққан дұрыс секілді.
Тарам-тарам жолы бар мына тағдырда дұрыс жол таңдап келе жатырмын деп ойлайсыз ба? Артыңызға жиі бұрылып қарайсыз ба? Өз өміріңіздің (әрине, әлі көпте өмір сүрген жоқсыз. Бірақ осы жасқа жеткен де, жетпеген де бар дегендей) қай кезеңдерін өзгеге өнеге боларлықтай болды деп ойлайсыз? Қазіргі көз тірі адамдардың қайсысына балаларыңыздың ұқсағанын қалайсыз?
Өткенімді көп ойлаймын. Үлкен өкінішім бар. Бірақ, сол өкініштің арқасында адам болған сияқтымын. Көлгірсіп қайтем, тура жолмен жүріп келе жатырғанымды білем. Тек осы жерден адаспасам екен. Бала туралы ойланбаған екем )
Бір магазинде керемет скидка болып жатыр. Жаныңда Сәния, Ақерке, Розатай бар. Қыздар бар ақшасын құртып қойған. Сендесоңғы 5000 тг бар. Бірақ, сен ол ақшаға өзіңе ұнаған дүниені алуға ниеттісің. Бірақ, Розатай да сол затты алғысы келіп, сенен соңғы 5000 тг-ні қарызға беруіңді сұрайды. Қарызды 20 процентпен қайтарамын деп айтады. Осы кезде сенің әрекетің қандай?
Қарыз беруде алдына жан салмайтын адам ретінде Розатайға бес мыңдықты бере салатын шығармын )
Мейіргүл, блогер немесе редактор болмасаңыз басқа қай салаға кетер едіңіз?
Техника жөндеуші болатын шығармын )
Сіздің өлең жазатыныңыз, ақындық қасиетіңіз бар екені баршамызға аян. Қазірлері жазбай жүрсеңіз де, шабыттың тыныштық бермесі анық, әлі талай өлең жолдары дүниеге келері сөзсіз. Келешекте осы шығармашылықпен айналысу ойыңызда барма? Өлеңдеріңізді жеке кітап қып шығарар ма едіңіз?
Болашағымды бұл жолмен байланыстырмаймын. Өлеңнен қашамын. Өлең оқығым да, жазғым да келмейді. Өйткені басқа кез келген қарапайым адам сияқты жақсы өмір сүргім келеді. Бірақ кейде өз-өзімнен тығылып, өлең жазып қоям. Жеке өзім үшін, жазғандарымды жай ғана жинап қоятын шығармын.
Қазіргі жұмысыңыз өзіңізге ұнай ма? Көңіліңіз толмайтын нәрселер бар ма?
Жұмысымды жақсы көремін. Массагеттің әр талпынысы мен әр қадамына шын тілекшілердің бірімін.
Тұрмысқа шыққың келе ме?
Алдағы 2-3 жылда болмаса, әзірге ондай жоспар жоқ. Қазіргі өмірім өзіме ұнайды.
Қаншалықты сыр сақтай аласыз?
Ешкімге айтпау керек нәрсені тез ұмытып кетуге тырысамын.
Сұрақтарға жауап бергеніңе рақмет Мика, осы жауаптарды алу үшін не істемедік десеңші)))
Бір қызық айтайын Микаға ерекше ұнаған сұрақ болмапты, сол себепті осы жолғы бірліктер өзімізде қалады.
Келесі сұрақ қоятындар өздері сұраққа жауап беруге қызығушылық танытқан Бека мен Қазына. Осы екі қолданушыға қоясыздар. Сәния мен Нұрзияның жауаптарын Сырдың қызының (Салатанат М) блогынан оқитын боласыздар жақын күндері