Кешкі ой
блог
Өмір күнделікті күйбелең тіршілігмен тоқтаусыз өтуде, бәрі өзгеруде.Уақыт пен өмір егіз ұғым. Өмір мүмкіндік береуде ал, «уақыт», сол мүмкіндіктерді орындауға, барынша дұрыс пайдалана білуге, шақырып тұрғандай. Ал,өмірі босқа өттіп жатқан адамдарды ол - күн санап өлтіруде.
Уақыт қателіктерді кешірмейді, ол - тек өз қарқынымен, өз бағытымен өте береді.
Уақыт артына қарамайды... Кімдер қалды, кімдер кетті оған ол -мәнсіз.Өзімізді алайықшы, өзіміз осы кезге дейін қаншама жандарды жолықтырдық, және мәңгілік бақтыттым деп сендік, өмірімізді арнадық, бар ынтамызбен ғашықта бола білдік, шынайы көңілімізбен доста болдық.
Ал, бүгін ше бүгін сол кешегі бізсіз өмір сүре алмайтын жандар қайда? қазір неге бізіді танымайды, және ол – жандар неге өзгерді уақыт сол қымбат жандарды бізден тартып алдыма?
Меніңде миыма маза бермей жүрген сұрақ осы...
Өткен өмірдегі адамдарды сағыну да, бір ерекше сезім екенін сезініп көрдіңізбе? Адамдар айналада тоқтаусыз - дамылсыз бір жаққа асығуда. Уақыт бәрін алыстатуда - асықтыруда.Сізде өткенді жиі ойлап, сағынып тұратын кезіңіз болатын шығар.Мен көп адамдарды, мүлде түсіне алмай келем. Қалайша қаншама жылдар бойы бірге жүріп, бірге күлген адамдарын ұмытып, мүлде байланысын үзе алады.
Жүрек қайда?.. Бауыр басумен, оған деген махаббат пен дүниенің ғажап сезімі қайда?.. Адамдар, айтыңдаршы қалай өткен уақытта қалған адамды, бүгінгі уақытта сағынбайсыңдар.
Кейде биік шың басына шығып, айқайлағым-ақ келеді. Өткен күнде қалып қойған, адамдарды қайта қайтарғым келеді. Дамылсыз өзен суындай жанымнан тоқтаусыз, өттіп бара жатқан адамдарға қарап "О - адамдар бір сәт аялдаңдаршы, бір сәтке тоқтаңдаршы. Сендерге қымбат жандар, арта қалып барады" - деп айтықым келеді...
Уақыт өттіп, есейген сайын көп жауапсыз сұрақтарға кезігіп жатқандаймыз.Білем... көбінің айтары бір ғана мына сөз:" жаубы жоқ сұрақ болмайды" .Ал, менің айтарым - сен өз жан дүниеңді толық тани білесің бе? жоқ әлде өз- өзіңді алдап,өмір сүріп келесің бе?.Жалпы біз адамдар. Біз бірімізді түсініп, ұға аламыз ба? әрине жоқ. Ұқсақта ол мыңнан бірін ғана шығар.Әр адамның жүрек түкпірінде біз білмейтін, біз қанша қаласақта сезе алмайтын ауыр мұңмен, терең жара жатыр...
Ол - жара кешегі уақттан қалған өшпес із...
Арадан қаншама ай -жылдар өтседе, ұмытылмайтын бір жанның барын, баршамыз мойындайтында шығармыз. Махаббат жайлы сөз қозғасақ, сәтсіздіктер бірінші еске түсеме? Әлде тосыннан жолғып, өмірімізге ғажайып нұр енгізіп, көңілімізді гүлдендірген, сол бір тәтті де ерекше жан еске түсеме?.
Иә қазіргі уақытта, көпшілік адамдар бір - біріне жүрек жарды сырын ашып сырласпайды. Тіпті өзінің жақын құрбысына шітегі алай - дүлей болып жатқан, ауыр мұңымен,жан дүниесін сыздатып жүрген, жан жарасын айтып, көңіл шерін тарқатып,сырласуға сенімсіздік танытады.
Мүмкін әлемді сенімсіздікпен, екі жүзділік басқан жаңа дәуір болар.
Көп жанның қазіргі сырласы : "ауыр мұңды ән" ғана түнде ұйқтар алдында ауыр мұңды ән тыңдап, өткенді еске алып, сол әнмен іштегі бар өкпе мен өкінішін,бар шер мұңын тарқатып жүр...Кейде арадағы жақсы қарым қатынасты, жалған намыспен өр көкіректік құртады.Бір-бірін сүйіп тұрып, айырылысып сағынсада ештеңе болмағандай күлісіреп, қарағанды өзіне дұрыс санайтындарда бары анық.Тіпті сүйген жанына кектеніп, өзге жанмен көңіл қосып, өз жүрегін жалған сезімен әсемдеп - алдап. Ал, жалғыз қалғанада суық қатігез әлемде, өзі ғана өмір сүретіндей сезімді бастан кешіп, жүргендер де қаншама?Осылай ша өміріміз күннен күнге өзгеріске ұшырауда...Кешегі көргеніміз бүгін жоқ.Ал,бүгін көргеніміз ертең жоқ...Уақттың жылдамдығымен, оның қатігездігі меніңде жаныма қатты баттып жүр.