Кешегі күн....
блог
Кеше барған едім... Мен көп нарсе ойлап қателесіппін... Бұрынғыдай емес өзгерген екенсің.. Сол бұрынғыдай, мен барған кездегідей неге болмадың екен?! Бірақ өмір заңдылығы ғой... Ешнарсе де ешкім де өзгеріссіз қалмақ емес... Кемінде бес- алты жыл болып қалыпты. Саған күнде болмаса да жиі барып тұрушы ем ғой... Білемісің сен мені?!... Мүмкін, ұмытып та кеткен шығарсың... Мен сені ұмытқан кездері сен мені еске алған ба едің?!Сол бір кездері күнде жағаңа келіп мұңға батып кететін кішкентай ерке қызыңды оп-оңай ұмыта салғаның ба??? Әәә ұмытқансың... Оны кеше байқадым... Мен сені ұмытып кеткенмен жиі есіме түсіріп қоюшы ем..
Саған қараған кездегі тұнықтығың қайда кеткен?!Сенің сол әдемі көңіліңде асыр салып жүретін шағалаларды... кейбір кездері Аққуды да кездестіріп қалушы ем ғой... Солардың бәрі қайда кеткен Жайықтан қалған бір белгі?!! Әлде мұның бәрі бекершілік пе??? Бұдан былай сол кездердегідей болуың екіталай... Саған барған сайын көңілім жайланып, кең тыныстап қалушы ем... Сол бір күндерді сағындым... Сенің жағаңда отырып алып мұңымды көзбен-ақ ұқтырушы ем ғой... Сол кездер есіңде ме сенің?
Тым болмаса мен үшін 1-2 күн бұрынғы қалпыңа түсе алар ма екенсің?!Әй,қайдам!.. Бұл мүмкін емес қой, йә...Бірақ мен саған баруды тоқтатпайтын сияқтымын... Кешегідей мені суық қарсы алмашы, жәрәй ма?! Енді күнде таң қылаң бере саған қарай асығатын болам... Уайымдама ... біз бірге өзгереміз!