Кеше зар-заман, бүгін қай заман?

Бәленбай университеттің студенттеріне қазақ тілі сабағынан "массагет.кз сайтынан блог жазуды бастандар" деген тапсырма берілген еді. Сол студенттердің бірімін.

Жақын арада бұл сайтпен жақсырақ танысып, көптеген пайдалы заттармен бөлісуді ойлап отырмын. Махаббат пен фотолардан не пайда? Елімізді дамытамыз десек, өзге халықтардың еңбектерін, ойларын және ғылымдарын қазақшаға аударып, сонымен қазекенді таныстырмаймыз ба?

Негізінен, Мен танымайтын қауыммен өзімнің ойларымды бөлісуді ұнайтпайтындардың бірімін. Өмірімдегі алғашқы блогымды қай тақырыпта жазайын деп біраз уақытты босқа өткіздім. Сондықтан, жаңалық ашпай, бірінші курста оқып жүргенде белгіленген тақырыпқа жазылған эссемен бөліскім келіп тұр.

Кеше зар-заман, бүгін қай заман?

Сан ғасырлар бойы Қазақ елі Ресей империясының отарында болып, талай қиыншылықтарды көрді. Алайда, қаһарлы да айбатты қазақ азаматтары туған халқының қиыншылықтарын тоқтатқысы келген. Олардың қатарында Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы және тағыда басқалары бар. Кейде іштегі наразылық қазаннан асырылғанда, олар өз ойларын қағаз бетіне түсірген. Мысалы, Махамбеттің жан досы Исатай қайтыс болған кезде, "Қызғыш құс" өлеңі дүниеге келеді.

Ау , қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.

Мұхтар Әуезов енгізген "Зар заман" сөзі халқымыздың Ресей елінің отарында болған кездегі көрген озбырлықтарды сипаттайды. Бірақ, бұл сөздің мағынасына үңіліп қарайтын болсақ, қолданысты қазіргі XXI ғасырдың ағымында да табуы ықтимал. Бұл сөздің бірнеше дәлелі бар.

Жаһандану рухсыздығы өз жeңісін тoйлауда.

Сoдан қазір қаншама адам бeйім былай oйлауға:

«Мeн қай тілдe eркін сөйлeп, oқи алам, жаза алам,

Білім, жұмыс, нан таба алам, сoл тіл – мeнің өз анам».

Мұхтар Шахановтың өлеңінен алынған үзінді осы заманның тіл мәселесін көтеруде. Бұл дегеніміз, Ресей озбырлығына сан ғасырлар бойы шыдамдылық танытып, қарсылық көрсетіп, енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізген халқымыз жаңа белеске тап болды.  Ендігі дұшпан - қарсы бетте тұрған жау емес, ол әр адамның санасында болатын талам тартыс. Біреулері Кеңес Өкіметін кінәлі қылса, екіншілері сол айтқандардың өздерін кінәлі деп таниды. Бұл мәселені шешу үшін президент 2020 жылға дейін жоспарға қол қойды. Бірақ оның іске асырылуы қаншалықты ықтимал? Бұл сұраққа жауап бере алатын тек қана уақыт па?



Бөлісу: