...кеше - өткен, ертең - жыр, ғажап - бүгін...

...кеше - өткен, ертең - жыр, ғажап - бүгін...
жеке
блог

Алды-арты көп нүкте өмірімнің,

Жүзім жарқын болғанмен, көңілім-мұң.

Сексеуілдей шөл кезген тұрақсызбын,

...кеше - өткен, ертең - жыр, ғажап - бүгін.

Жалмап бара жатқандай сағынышым,

Жаным жылап жатқаны - тағы да шын.

Жалғыз кезген жаһанды жолаушымын,

Тауға өрлеп келемін, мақсатым - шың.

Есіл-дертім ертеңгі атар бір күн,

Бірақ ертең айналар күнге бүгін.

Бүгінім де алмасып кешегіге,

Сонда...ертең болмай ма менде, күнім?!

/12.09.11/

пр

Ораза тұрт!

Қинамас Алла адамды!

Жақсылық күт!

Байқап сен бас та қадамды!

Нәпсіні ұт!

Намазбен матты қой-дағы!

Адам, әлбетте,

Тек сынақ үшін жаралды!

Шыға бер шыңға,

Жеткенше күшің, әл-қуат!

Ақылыңды шыңда!

Жалқаулықты, қане, дос, жылат!

Жетерсің сонда,

Арманның ақша бұлтына.

Ұшырата біл,

Ұшырай білгін сен сынға!

/05.08.11/

кцук

...өтіп жатыр, кетіп жатыр мұнар күн,

Меніменен жағаласып жылар түн.

«Арманың не, тілегің ше, қалауың»,-

деп, қай күні жаныма кеп сұрар кім?

Балауыздай жарық беріп түнекке,

Таңба болып басылар ем сүйекке.

Бар күйімде қабылдайтын жан болса,

Берер едім жылуымды жүрекке.

Тасқа да ұрдым, тауға да ұрдым басымды,

Ішіндегі біраз ақыл шашылды.

Мен білмеген мынау сырлы әлемнің,

Құпиялы кей тұстары ашылды.

Білмегенді білгенімнен жоқ пайда,

Ұмтылсам да, жетпедім-aу сол айға.

Топ ішінде жалғыздықты сезініп,

Жүрегім де таба алмайды бір жай да.

Болсам егер керек емес ешкімге,

Күтпес едім онда тіптен кешті де...

Армандарым мені тастап қашты да,

Үмітімнің шырағы, әні, өшті де.

Самал желдей есіп өттім, сезді кім?

Кім ұғынды мендегі бұл кезді мұң?

Ешқашан да алтынға әсте айналмас,

Соқсаң-дағы от шығарып жезді мың!

/16.11.12/

цуацу

Ауылға ат басын бұрмаймын,
Асыға...
бұрынғы сәттердей...
Ұшырып әкеткен бұл көктем...
Анамды 
ақ қанат кептердей...

Анамның көжесі секілді,
Көжені әлі бір татпадым...
Бар адам тым жақсы болғанмен,
Анамдай жанды әлі таппадым...

Аналар біреу-ақ, дара жан...
Таппаймын, несіне іздеймін...
Жұмақта кездессек екен ғой...
...деп сорлы үмітті үзбеймін...

Келгенмен көктемім далама,
Менде тек күз мезгіл үнемі...
"Бұртима"... дегендей Анашым,
Көктемнің төрінен күледі...

Мөлтілдеп жанарым жас тола,
Жанымды құшақтап сағыныш...
Мінгесіп алайын мен саған,
Көктемім, өткенге алып ұш...

/24.02.14/

уп

Өзі доңыз бола тұра,

Күлетұғын шаянға.

Шегірткеше сайран құрып,

Шыбын таппас жаярға...

Адамдармыз тым әртүрлі,

Кейде ақыл аш, кейде тоқ.

Бір-біріне шексіз күлді,

Бәрі сынық, бүтін жоқ.

Менменсіген әлдебіреу,

Жерге сыймай, іш кеуіп.

Аспандағы бейне ол тіреу,

Аймен ойнар, доп теуіп.

Жете қалса бір табысқа,

Кетер адам танымай.

Сөзді создым, сірә, «алысқа»,

Енді қайтем, налымай?

Адам күні адаммен нақ,

Шүкір деумен мен өтем.

Адастырмай бізді Алла Хақ,

Түзу жолға салса екен.

Қанша ұлтқа бөлінсек те,

Ұлыс, ру мен тайпаға.

Тым бөтен боп көрінсек те,

Адамнан адам қайта ма?

Жер жаһанды кезсек қанша,

Табылмайды «тәуірі».

Адамзаттың әрқашанда,

Адам ғана бауыры.

/Маусым.14./

сфы

Н.ғ.: ...мен Массагетті жақсы көремін! "осылай", дәл осы "розасы" бар інішегімдей...

авыа

Сүгіреттер жеке мұрағаттан