Кеше мен бүгін

Кеше мен бүгін
жеке
блог

Кеше бір оқушымды қатты ұрыстым:

- Қазір ғана шұқып жазып, көрсеттім, құлағыңа қақсап айтып отырмын (математика есебін түсіндіргем), сол қазір айтқанды қазір қайтарып бере алмасаң басың қайда, өзің қайда?! - деп күйіп-пісіп. Заматта өз ісімнен түңіліп кеттім.

Бүгін төрт оқушыма қатты ырза болдым:

- Алтын бастарым! Ауызыңнан шыққанды қағып алып, заматта есепті түгел тас-талқан еткен сендерге рақмет. Бар ықыласпен берген біліміңнің сол сәт қайтарымын алған да үлкен бақыт екен-ау! - деп еркелете мақтадым. Балаларымды мақтаныш етіп, төбем көкке жетті, өміріме ырза болдым.

Оу, көңілдің көк дөнені-ай! Күніне бірнеше аунап түсесің.

mat

Жалпы, адамның ақыл-есінің бүтіндігін математика есептерін шығарту арқылы демде анықтауға болады. Тіпті, физика-математикамен ақыл-есі сәл "не то" адамдарды емдеуге болатынына кәміл сенемін. Байқап көріңдерші. "То, не то" екенін емес, есеп шығарып байқап көріңдер дегенім.