Кеше

Кеше
жеке
блог

Тынымсыз жүрсем де күнімен,

Күйбеңдеп тірліктің мұңымен.

Ашпадым қақпасын ұйқының,

Дөңбекшіп, көз ілмей түнімен.


Қым-қуыт мына бір заманда,

Өзгерген секілді адам да.

Өзім де түсінбей қоямын,

Қайсысы? Жақсы ма? Жаман ба?


Бағдаршам, өткелі көшенің,

Жалғаған бүгін мен кешені.

Қынжылдым балдаққа сүйенген,

Көргенде сөмкелі шешені.


Жөңкілген көліктер жылжиды,

Қарт ана қақ жолда "қылжиды".

Құлаған ананы - тасбауыр,

айуандар көзіне ілмейді.


Жүрегім қан жұтып жылаған,

Тұрғызып ананы құлаған.

Заманның қатыгез ұрпағын,

Жаратқан осылай сынаған.


Кетті ана жаудырып алғысын, 

Білмедім не болды арғысы?

Білгенім - үлкенді құрметтеу,

Өмірдің бұлжымас жарғысы!