Қазіргі қоғамның бірден – бір өзекті мәселесі жастардың отбасын құрып, шаңырақ көтеріп, жігіттеріміздің әке, қыздарымыздың ана болуға асықпауы. Шынымен де қазір статистикаға сүйенсек соңғы уақытта сұрбойдақ жігіттер мен бойжеткендеріміздің саны күн санап өсіп жатқан сияқты. Бұған не себеп? Ия, қоғамда неше түрлі адам болса, соған орай сан түрлі жауап. Біріне басты себеп-баспана, енді біріне-өзіне тең қыз немесе жігіттің кездеспей жүргендігі. Енді біріне әлеуметтік жағдай. Баспана-әрине баспана да керек-ау, бірақ, бірақ жас шіркін өтіп барады емес пе? Қазақ тең-теңімен, тезек қабымен деген. Теңіңіз табылып, көңіліңіз жарасып жатса, үйлі болуға қамданыңыздар. «Бас екеу болмай, мал екеу болмас» - деген бастысы отау құрып, сәби сүюге асығыңыз. Одан әрі әлеуметтік жағдай да өз шешімін табады деп ойлаймын. Жастықтың буымен сауық құрамын деп жігіттер салық төлегенше, отбасылы болып, тапқан табысымызды Алла қылығы тәтті балаларыңызға бұйыртсын.