Кеш үйлену ХХІ ғасыр дерті

Кеш үйлену ХХІ ғасыр дерті
жеке
блог

Адам баласы дүние есігін  ашқан  сәттен бастап алдынан өмірдің кейбір өткелдері, кезендері ретімен өтіп жатады. Өмір болған соң  таңдау жасайтын кездер де болады. Бірде дұрыс бірде бұрыс шешімдердің болуының арқасында өмірдің ащы- тұшысын көріп дәмін сеземіз. Бірақ адам баласы неден қателессе де, мамандық пен жар таңдаудан қателеспегені жөн. Бір қателік өмірдің тек ащы жемісінен дәм таттырып, тағдырымызды уласа, бір дұрыс таңдау тозақта да жұмақ есігіне апаратын жолды сәуле шашып табуға көмек көрсетеді. Өмірдегі ең басты таңдауды жасау ХХІ ғасыр жастарына қиындық тудыруда секілді. Он үшінде отау иесі дегендей ата-ананың бар арманы ертерек қызын қияға, ұлын ұяға орналастыру. Бірақ  қияға кеткелі тұрған қыз, ұя құрғалы тұрған жігіттеріміз жоқтың қасы қазіргі таңда. Республикамызда  жасы 14 пен 29 аралығындағы азаматтар саны 4 млн 616 мың адамды құраса соның ішінде 3 млн-ны  25 тен асқан сұр бойдақ пен оң босағада отырып қалған аруларымыздың еншісінде.  2 миллион 337 мыңы - ер балалар, 2 миллион 279 мыңы - қыздар.  Қазақстандағы нәзік жандылардың 28,2 пайызы, ал ер-азаматтардың 39,6 пайызы - бойдақ екен. Бүгінгі таңда сұр бойдақ пен кәрі қыз атану тұмау жұқтырғанмен бірдей. Кезінде екпе салдырып қорғанбасаң, яғни біздін мәселеде саусаққа жүзік тағып үлгермесен бұл жағымсыз сөздер сенің атыңа ілесе айтылатынын байқайсын. Құдайдын берген ауру түрі аздай ХХІ ғасыр жастары кеш үйлену инфекциясын жұқтырып алып, қолдан жасалған сұр бойдақтық деген ғасыр дертіне ұшырауда. Бұл дертке ұшырауы мүмкін қауым өкілдері бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда оқымысты мен жұмыс басты жандар. Олар әрқашан өмірде тек бір нысананы көздеп айналадағы өзге жәйт, мәселелерге мән бере бермейді. Ал өз дегеніне жетіп, арманы орындалған сәтте ғана артқа бұрылып айналасына көз шалады. Өкінішке орай тек осы сәтте ғана олар өздерінің жұмыста жеңімпаз бола тұра өмірде жеңілгендерін сезінетін секілді. Ал енді тағы бір топ. Талғампаздар тобы . Өмірде ақ боз ат мінген ханзадасын күтіп уақыт өткізіп алып ханзадаға емес патшаға тұрмысқа шығудың өзі кеш болып кеткенін түсінбей қалатын жандар. Бұл жағына келгенде ер азаматтарымыздың жарасы жеңіл. Уақыт оларды аруларымызға қарағанда аса қыспаққа ала бермейді.  Тағы бір көрсеткіш фактор финанс болып табылады.  Жастардың біраз бөлігі  той мәселесін жағдайым түзелгенше деп созып алып жатқаны бар. Оларға айтарым екі жақтан жеке түзегенше екі басты бір қылып бірге көтерілмейме дегім келеді. Әрине өзімнің жасым бар жоғы 17 де болған соң менің бұл тақырыпта сөз өрбейтін еш негізім жоқ. Сол себепті  жалғыздықтың қасіретін тартып көрген азаматтарымыздың ойын білсек.

Исатай: Мен бір жағынан  үйленуге қорқамын. Өйткені, үйленген соң «анау болады, мынау болады»,  «алғаның дұрыс болмаса, қайта ажырасып кетесің», — деп қара аспанды төндіріп қойған. Бір жағы содан қатты үрейленемін. Енді екінші жағы бар, «қыз жоқ» деп айта салу оп-оңай, тәуекелшілдік жігітке тән қасиет болса да, сол қасиет көпшілігімізде жоқ. Бар қыздың жаман жақтарын көре сала, жамандап шыға келеміз. Жалпақ тілмен айтқанда, ақыр соңында қыздың азу тісі қисық екен деп теріс айналып кете береміз. Ал шын ұнататын қызға сөз айтсаң, оның көну, көнбеуі екіталай. «Жоқ мен сенімен жүре алмаймын» десе, тауым шағылып, салым суға кетіп, өмірде басқа қыз жоқтай түңіліп кете берген кездерде болды. Менің өз басымды айтар болсам, біздің ел салт-дәстүрді берік ұстанған ғой. Келіннің иіліп сәлем салуы, басқа орамал тағуы, ата-ене, қайын ағалардың атын атамау деген салтымыз бар. Мен сөз айтқан қыздар сол дәстүрді құп көрмейді, тозған деп санайды. Міне, осындай себептерін жіпке тізіп айта берсек көп қой. Әр нәрсеге себеп табу да  оңай. Одан да өзімізді кінәлаған дұрыс қой деймін. Мен ешқашанда қыздардың байлығына, әлеуметтік жағдайына қараған емеспін. Ең бастысы — рухани бай адам болса, соның өзі үлкен жетістік емес пе! Сол байлықпен берік отбасын қалауға болады.

Гүләйім Бақтиярқызы: Менің жасым 27-де. Әрине үйленгім келеді. «Жалғыздық құдайға ғана жарасады» деген сөз бар ғой. «Мынау менің өмірлік жарым» деп ауыз толтырып айтарлықтай жақсы жігітті іздеймін. Алайда, өз ойымдағы, қиялымдағы жігітті  кезіктірмей жүргенім қиналтады. Кезіктірген күннің өзінде мен оны, ол мені ұнату сияқты қалауымыз бір арнада тоғыспай жатады. Міне, осындай сәйкессіздіктер  үйленуіме кедергі болып тұрады. Әрине өзім оқып білім алған соң, жігіттің де оқығандығын, әлеуметтік жағдайын, рухани бай адамды да қарастыратыным  да жасырын емес.

Сіздің осы мәселеге қосар ойыңыз болса пікіріңізді асыға күтемін.

                                                                              Мәліметтер:   http://news.nur.kz

                                                                              Пікірлер:   http://www.kazakzaman.kz