Кеш ұқтым...

Сезімнің болса да айдыны ақ,

Басымнан сен кетіп, тайды бақ.

Өзіңе кінә артып қоштастың,

Көзіңе алпауыт қайғыны ап.

 

Сен барда атырдым таңды үздік,

Күлкіні мұңдарға алғыздық.

Шаң басты айнасын жүректің,

Жармасты тағы да жалғыздық.

 

Арылып арманнан, үркіді үн,

Қадайды тікенін кірпі мұң.

Бар үміт үзілді. Сен кеттің...

Малынып жасыңа кірпігің.

 

Күрсініп барады көшіп Түн,

Жұбата алмадым, кешіктім.

Бейкүнә сезімді жылатқан,

Қатігез екенмін...Кеш ұқтым.



Бөлісу: