Кеш келер көктем бізге де
жеке
блог
блог
Кеш келер көктем бізге де
Еске алсаң елеңдеп кеш те мені,
Жылытудың маған жоқ еш керегі.
Себебі Астанаға
Кербез көктем еркелеп кеш келеді...
Сезімнің табылмаймыз біз бағынан,
Күннен күнге барады қысқарып ән.
Себебі Астанамыз
Арылмаған әлі қыс ызғарынан...
Әзірге хат алмайсың ғашығыңнан,
Жанарыңды байқатпа жасы тұнған.
Себебі Астанада
Тасасында Күн бұлттың жасырынған...
Жүздесеміз, дәл осы анық маған,
Үмітімді өзіммен алып барам.
Себебі Астанамыз
Көктемді еш күтуден жалықпаған.