Керік тауға неге шықпайды? Ертегі.

Керік тауға неге шықпайды? Ертегі.
жеке
блог

Баяғыда бір керік өмір сүріпті. Ол өте арманшыл еді. Бәрінен де бұрын ол биік таудың шыңына шығуды армандайтын. Бірақ оның бұл арманы бос қиял еді. Өйткені керіктің аяқтары мен мойыны өте ұзын еді. Ал кіп -кішкентай басында ұп-ұзын екі құлағы бар. Құлақтардың ортасында шағын ғана екі мүйіз орналасқан. Керік жер бетіндегі ең ұзын жануар. Ол биік тауға шықпақ түгілі, жазық жерде де аяқ астындағы тас, ой-шұңқырды байқамай құлап қала беретін. Ал тауға шығатын болса жартастан құлап мойынын үзіп алары анық. 

 Керік көп ойланды."Мен неге аласа болып жаратылмадым екен? Кішкене болсам мен жартастан-жартасқа секіріп тау басына шығар едім! Айналаны алақанымдағыдай тамашалаушы едім." Уайымға салынған керік тамақ ішуден қалды. Жатса-тұрса арманы тауға шығу болды. Қиялға беріліп, өзімен-өзі сөйлесетінді шығарды;

-Мен неге мұнара сияқты ұзынмын?-

-Терімді неге қара дақтар басқан?-

-Менің неге жолым болмай кетті? Мен шаршадым, мені ұғып, түсінер кім бар екен?-

Керікті жылан естіп жатқан еді;

-Әй,балам! Саған не болды? Неге сары уайымға салынып тұрсың? Кел мұнда, мен саған көмектесемін! Мойыныңа оралып аламын да жол көрсетіп отырамын. Аяқ астында не жатқанын айтып отырамын.Сен тек қорықпа!-

Жыланның ысылынан үркіген керік құлап қала жаздады;

--Менің тауға шыққым келмей қалды,-деді айнып қалған керік.- Мен баскетболшы болуды шештім,-деді керік.

-Бойы ұзындардың бәрі баскетболшы бола береді дейсің бе?,-деді таң қалған жылан. -Доп лақтыратын қолың жоқ қой!-

-Онда мен футболшы боламын,оған қолдың қажеті шамалы,- деді тұрақсыз керік.

-Мисызсың,-деді жылан керікке,-Бойың ұзын, Голиаф сияқты болсаң да ақылдан жұрдай екенсің. Тіпті хоккейші, суға жүзуші,биші болғың келсе де бола алмайсың. Өйткені сен керіксің! Жерге түс, саванна ханзадасы. Өзіңмен-өзің болсаңшы! Мен саған бір құпияны ашайын,сен ешкімге ұқсамайтын,өзіндік ерекшеліктері бар тамаша жануарсың! Басқаларға еліктеуіңді қоймасаң ,арты бір бәлеге ұрындыруы мүмкін,-деді жылан.

Содан бері тауға шығуды армандамайтын болыпты. Кейде жорғалаған жыланды көрсе,арманы есіне түседі екен.

Динара Оразбекова туындысы. Аударған Талғат Халық