ҚазҰУ өзінің білім беру сапасымен ғана емес, студенттерге қолайлы жағдай жасауымен де көш бастап, ерекшеленіп тұрады. Бұған бірден бір дәлел- «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы. Бұндай орталық Қазақстан бойынша осы Алматыда ғана бар. «Керемет» СҚКО-ның директоры Саян Баяндинова ханым: «Керемет» СҚКО - Ұлттық Университетіміздің 20 жуық студенті мен 5 мыңдай ұстаздар қаумына «бір терезе» қағидасында автоматтандырылған жылдам және сапалы қызмет тобын ұсынумен ерекшеленіп отыр. Орталықтың құрылу мақсаты да осы -кампус аумағындағы студенттер контингентін сапалы да жылдам қызметтер кешенімен қамтамасыз ету»,- дегендей өзі аты затына сай ғимарат. Бір ғана мекеменің ішінен жаныңа не керектің бәрін табасыз. Қызметтің түр- түрін көрсетеді. Атап айтқанда, Әкімшілік қызмет көрсету; диагностикалық орталық; АКТ қызметтері; жастар орталығы; оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша қызметтер, т.б. Бұдан қала берді қарныңыз ашқандай болса «Кантин» кафесі, сырт келбетіңізді әрлегіңіз келсе сән салоны мен косметикалық дүкені, азығыңыз таусылса супермаркеті, қағазбасты студенттерге қол жетімді көшірме жасау орталығы, оқығыңыз келіп, бірақ таба алмай жүрген кітабыңыз болса кітап дүкені, басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса дәріханасы және фотостудиясы, ательесі, ең соңы кір жуу кешеніне дейін студенттер игілігі үшін үздіксіз қызмет жасайды. Аз уақыт ішінде кинотеатры да іске қосылса ҚазҰУ студенттері қала ішіне шықпай - ақ бар жұмысын осында тындыратыны анық. «Кереметтің» кереметі, міне, осы емес пе?! Бүкіл жағдайыңды жасап қойған университет тек «оқы, оқы» деп тұрғандай.