КЕРЕМЕТ КҮН!

КЕРЕМЕТ КҮН!
жеке
блог

Маған бар ғой бүгін сәлемдеме келді! Малайзиядан! Уоооооот!

Аздаған шегініс...

Осыдан біраз уақыт бұрын осы бір бозбала туралы ғаламтордан оқыдым. Ол жайлы журналист Асқар Ақтілеу жазған болатын. Тосыннан келген дерттің Қонысбектің өміріне қауіп төндіріп тұрғанын, көп болып қол ұшын созсақ оны құтқарып қалуға болатынын Асқардың жазғанынан білдім. Мен Асқарды өмірде көрмегем, танымаймын да. Қонысбекті де көрмегем, білмейтін адамым...

Емі табылмайтын қатерлі дертпен ауырып жатқандар жайлы күнделікті оқып та, естіп те жүрміз. Бірақ Асқардың жанайқайы менің де жандүниемді қопарып кетті. Олай дейтінім, 1976 жылғы Ержан атты нағашы інім бар-жоғы 13-ақ жасында, осыдан 25 жыл бұрын, емі табылмайтын  дерттен көз жұмған болатын. 1989 жылы шетелге апарып емдетуді қайдан білейік... «Неге мен? Мама, мен тіпті бір қыздың қолынан да ұстап көрмеген баламын ғой әлі... Неге мен?» - деп шырылдап жылағанын анасы әлі күнге дейін айтады. Әлі күнге жоқтайды. «Менің Ержаныммен жасты екен...», - деп отырады сол құралыптас жігіттерді көргенде...

Қонысбек жайлы оқығанда сол інім ойыма орала берді. Менің ұлымнан бар-жоғы үш-ақ жас үлкен бала ғой бұл... «Көп түкірсе ­- көл» деген...

 сыйлық

 Тоңазытқыштағы жапсырмалар осылай толықты.

магнит

Екінші шегініс:

Асқар ол жайлы жазып жүрді. Ара-тұра! Оған да орынсыз соқтығып тисетіндер табылыпты... Үнемі деп өтірік айтпай-ақ қояйын, бірақ баланың қал-жайын Асқардан сұрап жүрдім. Алладан Қонысбектің амандығын сұрау күнделікті әдетке айналды десем, артық айтпайтын шығармын... Бір күні... Сүйіншілеткен хабар жетті! Қонысбекке отаның сәтті жасалғанын, беті бері қарағанын жеткізген Асқармен қоса қуандым. Әйтіп-бүйтіп аздаған сүйіншімді де жіберген болдым... Бастысы, пейіл еді.

 

сыйлық

Малайзияның дәмі! Менің ұлым да шетел араласын деген ниетпен сол жейдесін де салып жіберіпті...))))


Сөйткен Қонысжан маған сәлемдеме жіберіпті!!! Алла разы болсын! Армандарыңның бәрі орындалып, анаңның көз қуанышы атан! Ешқашан ауырма! Ел болып Алладан тілеп сұраған денсаулығыңды сақта!

 

Пы.Сыы. Қонысбек жариялаған осы суреттегі «әттеген-айды» тапқаным үшін жіберілген арнайы сыйлық – жеміссыққыш. Оның сәлемдемесін жеткізген туысы Перизатқа мың алғыс! Алла разы болсын! 

 приз

Мынау ФБ-да жарияланған Қонысбектің сурет-жұмбағы, анығы - маған жеміссыққыш сыйлаған сурет!))))))))

Айналаңызда қуаныш сыйлайтын жақсы жандар көп болсын!!!