"КЕРЕК" кезде ғана керексің №1

"КЕРЕК"  кезде ғана керексің №1
жеке
блог

- Алло, қайдасың?

- "Евразиядамын." Сен ше?

- Міне, келдім.

Көптен бері  хабарласпай кеткен сыныптасым осыдан  үш күн  бұрын в контакте (бұдан кейін-«вк») әлеуметтік  желісінде хабарлама  жазып,  нөмерімі сұрады. Екеуміз біраз сөйлесіп, университет  жақта кездесетін болдық. Көріспегелі біраз уақыт болған сыныпасымды көремін  деп  жүрегімді  қолыма алып,  айтқан жеріне ұшып келдім. Әдетте, «11 жыл бірге оқыған сыныптастарыңнан 4 жыл бірге оқыған группаластарың артық болып кетеді» деп жатады ғой.»Қалайша?» деп қынжылатынмын. Ол сөз  өтірікке айналды екен  деген оймен, сыныптасымды асыға күтіп тұрмын. Келді. Амандық сұрасып,  біраз әңгімелесіп  болғаннан кейін: «Жүрші, саған зор нәрсе көрсетемін» дейді. Қолымнан жетектеп біресе үйге, біресе паркке, біресе магазинге, біресе офисқа  апарамын деп  сүйреп келе жатыр. Қайда келе  жатқанымды білмеймін.  Ойым сан-саққа бөлініп жүріп келе жатырмын, гүлдер сатып тұрған  дүңгіршектен  өттік.  Домдар арасымен  әлі жүріп келеміз. Бірде, кірт тоқтадық та, сыныптасым ішке кіріп кетті. Не ойлап тұрмын? Білмеймін! Бір үлкен  домның астына қарай  жүретін бір жол бар екен, оның ар жағында ақ есік. Сыныптасым шықты да: «Болды, кіре бер!» дейді. Кірдік. Шағын ғана  дәлізде үш жаққа кететін үш есік тұр. «Киіміңді әкел!» деді де, сырт киімімді бір жерге іліп келді. Қай жердемін?

Қолымнан  жетектеп тағы басқа жаққа сүйрей  жөнелді,  қояр емес тіпті. Қайда келгенімізді неге айтпайды деп жындана бастадым да, айналама  қарасам  қабырғада қағаздар ілініп тұр екен. Көз  жарықтық көзәйнек болмаса  көрмейді.  Қағаздағыларды алыстан оқи алмадым. Дәліздің  бір  бұрышында парта тұр  екен.  Ол жерде екі адам  отыр: біріншісі-қыз, екіншісі-ұл.  Жүрегім  лүп-лүп етіп, көрмейтін көзім көріп кетті ма, ана  балаға (жігітке) көзім түстіSurprised Ашуланып тұрғанымды да ұмытып кеттім. Сүп-сүйкімді балаға қарап тұрғанымда, әлгі сыныптасым қолымнан жетектеп тағы басқа  бөлмеге алып кіргізді. Ойым дәлізде, партаға жете алмай отыр.  Жә, ол туралы кейінірек)

Кіріп отырмыз. Жасы 20-25 шамасындағы бір  студент  өзін таныстырып: Сізді кім әкелді? Бұл жолға қалай келдіңіз? Армандарыңыз көп пе?  Жарқын болашаққа БІЗбен барғыңыз келе ме? Өзгеруге дайынсыз ба? Қатарымызға  қосыласыз ба? Арғарай кете береді.  Жауап бере алмай, көзім банка болып  отырып қалдым. Дым  түсінер емеспін. Сыныптасымды қарғап та жатырмын, іштей! Қайда тап  болдым? Қалай шығамын... Маған әлгі студент сөйлеп отыр. Менің бар ойым осы ортадан қашып шығу... Қайдамын? 

                                                  ( Жалғасы бар.)