Елдің бәрі 22-Наурыз Жаңа жыл мерекесі деп улап-шулап жүргенде,менің бүкіл есіл-дертім ертесіне Кентауда өтетін тойда болды. Қызылорданың Қазалысынан шыққан құрбым Әселдің тойына жиналумен болдым. Шын айтсам, құрбыма алатын "сыйлығыма" дайындалмасам онда не киемін деп бас ауыртуға уақытым да болмады. Алғаш рет қызжолдас болғанмын,кішкене "тәжірибе" бар,одан қалса жаңадан көші-қонның шаруаларымен өзіме киім таңдап әрі-бері жүруіме мұрша да болмап еді. Содан "гулянкасына" бөлек, тойына бір бөлек киім дайындап ,"құрал-саймандарды" сөмкеге салып жолға да шықтым. Үйден кетуім бір мұң болды, есіктің құлпын бұзып кеткенім аздай, жолда мен мінген көлік бұзылып қалды. Қырсық апаңның кесірінен,әрине. Өзім көрмеген,білмейтін жеріме аттанғалы тұрмын. қалай барам,қалай табамын, адамдары қандай деген сынды ой да жоқ,тезірек жетіп тойды өткізсем деген асығыс "цель" тұр.
Сол "адал" оймен жетіп алдым да таң атпай 6,15те күйеужолдасты ояттым "МЕН КЕЛДІМ" деп... Әбілқасымға. Көпшілік танитын да болар,бұрынғы квнщик,"Шіркін лайф" тележобасының қатысушысы,"УАЙФАЙ 25" интернет шоуы авторларының бірі, қысқасы "прикольный пацан". Мерседеспен болмасада,ауылдың "кішкентай көлігімен" күтіп алды. Жанында бір ата бар,жүргізуші ғой. Әкесі ма деп қалдым..."Менің үйіме ма, Әселге ма?" деп қояды. "Уақытым жоқ,тарт Әселдерге" деп қоя бердім. Кеше ғана некесі қиылған жастарды Әбіл екеуміз оятып алдық. Қимай-қимай әрең тұрды төсектерінен. Оңай ма?! уахаха. Жуынып,ыстық шайды ішіп алып салонға тарттық. Кентауда кілең өзбектер екен. Қызмет көрсетулердің бәрінде хиджап киген қастары қалың әдемі "узбечкалар". Қара қызым Әселді әп-сәтте аппақ келіншек қылып жіберді. Ал мені....ту айтқым да келмейді. Қалың "жүн" сияқты кірпік жалғап көзім ашылмай қалғаны. Ол кірпікті өзім таңдаппын ғой,есі құрыған көрсеқызар-ай... Қысқасы асығып жүріп шықтық. Мен асығыстықтан тойға киетін көйлегімді кие салдым. Оным соңынан бекер болғанына көзім жетті.
Қойшы әйтеуір,жастар болып неке сарайына,одан лимузинді "ғырт" қылып Түркістанға беттедік. жел ұрып тұр,мен сол жаңағы "жүн" кірпікпен алысып отырмын. Оным үшін күйеужігітпен "ұрысып" та алдым. Тыныш жүруші ма ем,сөйлегенді бетінен алатын мінезім бар. Әсіресе айнаға қарап ашуланып отырғанда тиіскендерді аямаймын. Күйеужолдас мақтап "өй қоя салшы,әп-әдемі,бастысы маған ұнап тұрсың" деп алдап қояды. Оған көліктегі қыздар да қосылып қояды. Бірақ құрбымның жігітімен көзбен ұрысып отырмыз әлі. жақпай отыр....сөздері қатты тиіп...Оның да мені жақтырып отырғаны шамалы. Екеуміз де білдірмейміз. Ол аз болғандай етегі желбіреген менің үстіме жанымдағылар "сыраны" сырқыратып құйды. Иісі құрысын шыдауға болады ,дақ болып тұр ғой. Бұдан артық шыдамаспын дедім де ешкімді тыңдамай "тойханадан бұрын үйге барамыз,киім ауыстырам" деп шықтым. Амал жоқ көнді. Үйге барып "қарапайым" көк көйлегімді киіп шықтым. Басымда алғашқы көйлектің гүлі тұр,оны алсам шаш бұзылайын деп тұр...Ой,ашуланғаным... Сөйттім де бүкіл аксессуарларды ауыстырып,шашты қалдырдым. Көк,розовый,қызыл...қысқасы түрлі-түсті болдым да қалдым. Кірпіктің мұңы өз алдына. Той біткенше алыстым онымен.
Тойға да келдік. Алғашқы тойдан "опыт" бар, тостты соятындардың кезегінде Қазына "технично" туфлиді шешіп қойып ыржиыыып "довольная" тұрды. Бірінші тойда жетер жеріме жеткем ғой,есте қалып қойған 15 см өкше екеуі...
Биледік,ойнадық,күлдік. Тост бізге де келді. Қызымды қысқа сөзбен қайырып мақтап алдым. Көптен күткен "гүл лақтыру" рәсімі келгенде Әбіл,күйеужолдас, "гүлді қағып алған қыз маған тұрмысқа шығады" демесі бар ма?! Ал кетті гүл ұшып,Қазынаның қолында...Қызық болды,Әбіл мәз. Тойханадағы анасына ыржиып,микрофонды алды да "негізі той басталғанда мамам осы қызды алып қалсай деп айтқан-ды,ай тағдыр-ай өзі де қағып алды" деп елді күлдіргені. Мен қызара қоймадым,енді қалатын мен жоқ қой. Әбілдің "осы" әзіліне құлағым бір ай алдын үйренген. Той болдысынан боладысы қызық деп ол келмей жатып мені алып қалам деген "Гитлерский" жоспарларымен бөлісіп қойған. Тісі өтіп жатса да шағылмай кететін "бәле қыз" екенімді білем ғой.уахаха
Р.S.Айтқандай, Кентауда әлгі салондағы өзбек қыз менің досым Еркіннің сыныптасы болып шықты. Мәулен Еркін. Оның бала кездегі қызықтарын айтып күлдіргені бар. Алғашқы махаббатын айтып берді, сәлемін жолдады. "Мектептегі суреттерді көрсетер ем тағы бір күн қалыңыз" деп үгіттеп еді, болмады. Ол өз алдына. Келе сала Еркінді де күлкіге қарқ қылдым оны айтып. "Көрмегеніңе қуанып отырмын,әйтпесе өмір бойы мазақтап өтер ең,я уже представляю твое лицо" деп интрига тастап өкіндіріп жіберді қалмағаныма.
Сөз соңында көп айтылған "алғашқы қызжолдас" болған тойымнан естелік суреттермен бөлісуді жөн көрдім. Ол үйлену той да есте қаларлық болды. Айтқандай,Шаяндағы тойда маған бойдақ жігіт табылмады. Қасымда жақында ғана келіншек түсірген жігіт болды. Қысқасы, күйеужігітке жарымадым хаха.
Есесіне ,өкіл қызым бар-Адина. Ал өкіл әкесі әнші Еркін Нұржанов.
Жасанды кірпікке көп рахмет. Мына кездегі "өз кірпіктеріме" қарап сүйсініп отырмын. Енді тойға барып кірпік жалғамағаным болсын!!!
Той-барша қуаныштың басы. Алда дүниеге сәби келіп өмір жалғаса түседі. Қалай өтсе де ең бастысы осындай бақыт сіздердің бастарыңыздан да өтсе екен деймін. Себебі ол-қуаныш,ол үлкен той,ол күні сіздер ғана емес барлық туған туыстарыңыз қуанатын ,ерекше қобалжитын мерейлі сәт болмақ.
Тойдағы апа сияқты аяқтайын: "БІР БАСТАРЫҢЫЗ ЕКЕУ БОЛСЫН!"