27 желтоқсанда еліміздің барлық кинотеатрларында «Бизнес по-казахски в Африке» фильмі көрсетіле бастайды. «Sulpak Cinema Kazakhstan» компаниясы мен “Bekmambetov Cinema” кинотеатрлар желісінің ұйымдастыруымен күні кеше жаңа фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. Нұрлан Қоянбаев қазақша бизнес құру жоспары бұл жолы Африкада да іске асты. Жомарт есімді басты кейіпкер мен оның жақын туыстары Дубайда демалыста болып, мәз-мейрам болып жүргенде ойда-жоқта Кения елінен бірақ шығады. Жомарт пен Әлен Бақдәулет пен Еркошты жергілікті ұлыстардың тұтқынынан құтқарып шығарып алуға тырысады. Көрсетілімнен кейін Нұрлан Қоянбаевпен тілдесіп, фильмге қатысты қызықты мәліметтерді жинап алдым.
Қызықты оқиғаға толы жаңа фильм 6 айда жасалды Кино 3 апта Кенияда, 1 аптаға жетер-жетпес уақытта Дубайда түсірілді. Бюджеті 500 000$. Фильм түсіріліміне белгілі қайраткер Қайрат Боранбаев қаржылай көмектескен “Сағындым Алматымды” әнін кениялық музыканттар 1 апта ішінде жаттап, үйреніп алған Кинода шын африкандық ұлыстар түскен Кениялықтар қазақ халқы секілді жайдарлы, ақ пейілді, дархан мінезді халық екен Фильмнің жалғасы түсірілуі мүмкін. Бірақ, ол халықтың сұранысы мен ықыласына байланыстыФильмді міндетті түрде отбасымен, достармен көруге кеңес беремін