Кеңестеріңіз қажет.

Сәлем Массагеттіктер! Мен бұл сайтты бұрыннан білемін. Массагеттіктердің жазған жазбаларын оқып өзіме сабақ алатынмын. Бүгін ғана тіркелдім. Өмірім жайлы сыр шертпекпін... Мүмкін біреулерге бұл қызықсыз шығар. Бұл сайтқа тіркелген аға-әпкелерім, замандастарым ақылын айтар деген ниетпен алғашқы жазбамды жазбақпын. Мен компьютерде ұзақ отырмаймын. Айына көп дегенде 5-6 рет кіретін шығармын. Менен сіздерге жауап болмаса ренжімессіздер. Сонымен әңгімеге көшейік...

Қарапайым ауыл қызымын. Кеше ғана қолыма орта білімім туралы аттестат пен "Алтын Белгімді" алдым. Ата-анам қарапайым еңбек адамдары. Ағам, әпкем бар. Астана қаласына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне оқуға түспекпін... Бар мәселе, менің осы Астанаға оқуға кететінімде болып тұр. Өзім Атырауданмын. Достасып жүрген жігітім бар. Өзімнен 4 жас үлкен, бірге жүргенімізге 1 жыл 8 ай болды. Оны қатты жақсы көремін. Оның да мені жақсы көретініне көзім жетеді. Ол отбасында баланың үлкені. Артынан ерген қарындасы мен інісі бар. Отбасылық жағдайына байланысты кәсіптік лицейді ғана бітірді. Колледж немесе университетте оқымақ түгілі маңынан жүргісі келмейді. Менің айтпағым осы жігіт жайлы. Анасы өздігінен жүре алмайды. Төсекте жатады. Қарындасы мен інісі оқуда. Әкесі тамақ пісіріп, кірін жуады. Маған: Мектеп бітірген соң тұрмысқа шық. Ата-анамның осы қиналғандары да жетер, қолдарын жылы суға малып отырғызғым келеді,-дейді. Ал менің оқығым келеді. Ата-анамның үмітін ақтағым келеді. Оқу туралы әңгіме бастасам болды, ұрса жөнеледі. Өзі тым қызғаншақ (Мен де одан қалыспаймын негізі). Мені сүйсең маған күйеуге шығасың дейді. Ал менің не істеуім керек? Үйіне барып, ешқандай оқу оқымай, "Алтын Белгімді" мойныма тағып алып, ата-анасына шай құйып жүруім керек пе? Ақылдарыңызды айтыңыздаршы?



Бөлісу: