Кеңес сұраймын!

Кеңес сұраймын!
жеке
блог

Қадірлі Массагеттік замандастарым. Мен Сіздерден кеңес сұрамақшымын. 5 жылдан аса уақыт аудан әкімінің хатшысы қызметін атқарып келемін, яғни қабылдау бөлмесінің қызметкерімін. Күнделікті көрініс, бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ күндер адамды әбден шаршатып жіберетінін бәріміз жақсы білеміз.  Жұмыс бөлмемді, яғни қабылдау бөлмесіне бір өзгерістер еңгізгім келеді.  Жұмыс кабинетіндегі жиһаздардың орындарын ауыстырудан басқа қандай өзгерістер еңгізуге болатыны жайлы кеңес беріңіздерші. Сөрелерге қандай заттар қойған дұрыс, хатшының жұмыс үстелін жаңаша қалай өзгертуге болады, тағы басқа да қандай кеңес бере аласыздар? Осы тұрғыда өз ой-пікірлеріңізді, ұсыныс-ескертпелеріңізді, кеңестеріңізді жазуларыңызды өтіне сұраймын. Алдын - ала алғысымды білдіремін!