Кеңес ойшылдары бас қосып жатыр
блог
Кеше Сарыарқа кинотеатрының артындағы алаң арқылы өткен едім. Билік бұл жерді митинг өткізу үшін арнайы бекіткен ғой. Кеңес ойшылдары жиналып жатыр екен. Қолын сермеп Ленин тұр. Оған қарама-қарсы Калинин тұр. Оның да қолы сермеулі. "Күн көсемінің" жанында Фрунзе турған баласындай болып. Оң жағында. Сол жағына Виноградов келіп жайғасыпты. Фрунзенің жанына Райымбек пен Пушкин көшелерінің қиылысында тұратын Октябрь революциясына арналған ескерткіш тұр, қаруларын асынып. Ал қарсы жақта тұрған Калининге жаның ашиды, жанында ешкім жоқ екен...
P.S. Олардың ескерткішін қаланың көрнекті жерлерінен алған екенбіз, неге енді біржолата көзін жоймасқа??? Немесе қайта балқытып Қазақ ғұламаларының ескерткішін жасамасқа (барлығы да металдан құйылған). Экономикалық тиімді деп ойлаймын. Сарыарқа кинотеатрының артына барсаңыз Кеңес ойшылдары қайта бас қосып жатқанға ұқсайды...Бодандықтың жаңа жоспарларын құру үшін... Мен осындай ойға қалдым. Алла сақтасын.