Кемпірқосақ және ондағы түстердің орналасу реті

Кемпірқосақ және ондағы түстердің орналасу реті
жеке
блог

Ақ жарық (сәуле) су тамшысынан немесе мұнайдың жұқа қабатынан өткенде сынады да біз кемпірқосақты көреміз.

Күннің сәулесі (жарығы) су бұрқағы тамшыларының немесе су тұманының арасынан өткенде кемпірқосақ шығады. Ол сондай-ақ қатты заттар хрустальдан немесе плексигластан (сынбайтын шыны) өткенде де кемпірқосақ жасайды. Иә, кемпірқосақ-аспан күмбезінде түрлі-түсті доға ретінде көрінетін тамаша табиғат құбылысы. Оның түрлі-түстілігі адамды елітіп әкетіп, жадыратады, қуаныш сыйлайды.

Ал сіз ондағы түстердің де өз реті бар екендігін білесіз бе? Кемпірқосақтың сыртқы иіні қызыл түске, ал ішкі иіні күлгін түске боялған, ал олардың аралығында спектрдің басқа түсті бояулары орналасады және әр түстің өз реті болады. Кемпірқосақтағы түстердің кезектілік ретін есте сақтау үшін мына орысша сөз тіркесін ұмытпаңыздар: "Каждый Охотник Желает Знать, Где Сидит Фазан": (Әр аңшы қырғауылдың қайда отырғанын білгісі келеді), яғни Красный(Каждый)-қызыл, Оранжевый (Охотник)-қызғылт-сары, Жёлтый (Желает)-сары, Зелёный (Знать)-жасыл, Голубой (Где)-көгілдір, Синий (Сидит)-көк, Фиолетовый (Фазан)-күлгін.

Ал қазақ тілінде кемпірқосақтың түсін есте сақтауға арналған сөйлем бар ма? Құрап көріңіз!